Еріктілер көмегі

0 27

Нұр-Сұлтан қаласында «Біз біргеміз» шарасы жалғасып жатыр. Еріктілер әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуді жалғастыруда.– Бізде күн сайын шамамен 20-30 мекенжай жоспарланады. Біз мұқтаждарға азық-түлік қана емес, гигиеналық құралдар – дымқыл майлықтар, маскалар мен антисептиктер де жеткізіп береміз, – дейді ерікті Әл-Фараби Аймақ.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедек жандарды бағып отыр­ған отбасыларға 50 себет жеткізілгенін атап өтті. Азық-түлік себеттері демеушілер көмегімен дайындалған. «Біз біргеміз» шарасы аясында біздің еріктілер карантин кезінде барлық сақтық шараларын сақтай отырып (үйге кірмей, себеттерді үй сыртында қалдыра отырып), азық-түлік себеттерін жеткізу шараларын жалғастыратын болады» дейді елорда әкімінің кеңесшісі.
Өз кезегінде елорда тұрғындары қала әкімдігі мен еріктілерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіруде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + 15 =