Еріктілер буклеттер таратты

0 29

Елордада көшеде кетіп бара жатқан қала тұрғындарына COVID-19 вакцинациясының маңызы туралы жүздеген буклет таратылды.

WhatsApp Image 2021-09-17 at 18.22.37 (1)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 18.22.37 (2)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 18.22.37 (3)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 18.22.37
WhatsApp Image 2021-09-17 at 18.22.38 (1)
WhatsApp Image 2021-09-17 at 18.22.38
previous arrow
next arrow

Акцияны елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» КМК ұйымдастырды. Жұрт көп жиналатын орындарда елордалық еріктілер «Covid-ті тоқтат, екпе ал!» буклетін таратты.

– Буклеттерді тарату акциясы ең алдымен адамға вакцинацияның маңызын түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, біз қала тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы екпені қайдан алуға болатыны туралы хабардар етеміз. Мақсатымыз – барынша көп адамды вакцинациялау арқылы өзін және жақындарын қорғау, – деді ерікті Дамир Айтымов.

 

Елорда тұрғындарымен әңгімелесу барысында еріктілер вакцинация ғана елдегі эпидемиологиялық жағдайды жақсартатынын түсіндірді. Ұйымдас­тырушылардың айтуынша, мұндай акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =