ЕРІКТІЛЕР ӘЗІРЛІК ҮСТІНДЕ

0 82

Қазақ технология және бизнес уни­верситетінде «ЭКСПО-2017 – әйелдердің білім, ғылым, өнер, бизнес саласында жеткен жетістіктері алаңы» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

????????????????????????????????????

Жиында ЭКСПО көрмесінің мемлекет экономикасының дамуына тигізер әсері және көрмені өткізгеннен кейінгі инвестициялық жаңа мүмкіндіктері туралы сөз болды. Осы ретте халықаралық көрмені өткізуде елор­далық студенттердің белсенділігі талқыланды. Нақты айтқанда, даяшы, қонақүй қызметін үйлестіруші, экскурсовод-гид секілді қыз­мет түрлері бойынша құралған ерікті сту­денттердің дайындығы пысықталды.
– «ЭКСПО-2017» әкімшілігімен әріптестік жөнінде келісілген меморандум бойынша кез келген студент ерікті бола алады. Ол үшін ағылшын тілін меңгерумен қатар, қалалық инфрақұрылымды, елордалық мәдени ескерткіштерді жақсы біліп, экскурсияларды жүйелі ұйымдастыра білген абзал. Жалпы, біздің бағалауымызша кең ауқымды мұндай жобаға мыңдаған студенттердің қатысу мүмкіндігі бар, – дейді «EXPO&Women» халықаралық ұйымының төрайымы Салтанат Рахимбекова.
Айтулы шараға Қазақ технология және бизнес университетінің студенттері, министрлік өкілдері және бизнесқұрылым жетекшілері қатысты.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =