ЕРЕВАНДАҒЫ БҮЛІКШІЛЕР ӘРЕКЕТІ

0 142

001

17 шілдеде Армения астанасы Ереванда билікке наразылық танытқан бір топ бүлікші полиция бөлімшесін басып алды.

Оқиға орнында болған Армения парламентінің депутаты Никол Пашинян жексенбі күні таңертең полиция ғимаратын басып алған оппозиция өкілдері «Құрылтайшы парламент» және «Жаңа Армения» радикалды қозғалысының жетекшісі Жирайр Сефилянды босатуын талап еткенін мәлімдеді.
Жирайр Сефилян 23 маусымда Ереван телемұнарасына қарулы шабуыл жасамақ болды деген айыппен 2 айға қамалған.
Бір күн бойы жүргізілген арнайы операциялардың нәтижесінде әзірге кепілдікте ұстап отырған адамдардың үшеуін ғана босату мүмкін болған. Бүлікшілер қолында әлі Армения полиция басшысының орынбасары Вардан Егиазарян мен Ереван полициясы басшысының орынбасары Валерий Осипянді қосқанда бес полицей бар.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 − 4 =