Ерен тікұшақ – Еурокоптер 645 Т2

0 118

Елордада «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» компаниясының «ЕС 645 Т2» жауынгерлік тікұшағының таныстырылымы өтті.

Еуропаның әскери ғалымдары жасаған тікұшақты биік таулы ай­мақ­тарда және жанжалды аймақтарда пайда­лануға болады. Тік­ұшақ опти­калық жүйе­мен, қашықтық­ты өл­­шей­­тін лазерлік құ­рыл­­ғымен, басқа­ры­ла­тын және басқа­рылмайтын зымырандармен, ірі ка­либрлі зеңбірекпен жаб­дық­талған.

Ең жоғары жылдам­дығы – сағатына 268 ша­қы­рым. Ұшу қашық­тығы – 663 километр. Оның сериялық өн­­ді­рісі әлем­нің б­ір­де-бір елінде бас­тал­маған. Жалпы тік­ұшақтар Германия мен Фран­ция­да шыға­ры­лады. Атал­ған елдер­ден алын­­ған жиын­­тық жаб­дықтар не­гі­зін­де Ас­тана да тек құ­рас­тыру жұ­мыс­тары жүргізіле­ді. Ком­па­ния­ның ком­мер­ция­­лық дирек­торы Кә­рі­бай Әбле­зов­тың айтуынша, Қа­зақ­стан­ға тікұшақ келесі жылы жет­кі­зілмек.

 Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 1 =