Ерекше жол пайда болды

0 13

Нұр-Сұлтан қаласында Жетісу саябағы мен Сарайшық көшесіндегі «Премиум» тұрғын үй кешені аумағындағы жолайрықта жаяу жүргіншілер жолын проекциялық жарықтандыру жобасы іске қосылды.Әкімдік мәліметінше, аталған учаскеде көлік қозғалысы ерекше қарқынды. Бұл учаске жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы аясында таңдалды. Мұнда жаяу жүргіншілер өткелі жол белгісі және таңба проекцияларымен біріктірілген. Осы орын түнде төрт жарықдиодты проектордың көмегімен жарықтандырылады. Автокөлік жүргізушілері әрі жаяу жүргіншілер кез келген ауа райында жолдағы ақ-сары жолақтар мен белгілерді анық көре алады. Бұл технология елімізде алғаш болып Нұр-Сұлтанда қолданылып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + twelve =