Ерекше турнирде күш сынасты

0 22

Елордада WKF каратэ және пара каратэден 6 жастан асқан барлық жастағы спортшылардың оныншы республикалық инклюзивті турнирі өтті. 

 

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Қызылорда облыстарының спортшылары қатысты.   Турнирде балалар, жастар және мүгедектігі бар ересектермен қатар дені сау спортшылар өнер көрсетті. WKF каратэ және пара каратэден республикалық инклюзивті турнир биыл екінші жыл ұйымдастырылды. Бұрын денсаулығы жақсы балалар арасында ғана өтетін. Жарысқа 250 спортшы қатысты. Соның 50-інің мүгедектігі бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 + eight =