Ерекше тәртіппен тексеріледі

0 46

5 қазаннан бастап мектептер ерекше тәртіп бойынша жаппай тексеріледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде санитарлық нормалардың сақталуы талқыланды.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов оқу жылының басынан бері мектептерде жүргізілген тексеру мониторингінің қорытындысын баяндады. Тексеру нәтижесінде 697 мектептің 134-інде санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған. Бұл ретте бұзылған нормалардың негізгі бөлігі ауылдық мектептерде тіркелген. Сондай-ақ көптеген мектептерде пайдаланылған жеке қорғаныс құралдарын жинауға және жоюға арналған арнайы қоқыс жәшіктерінің және мектеп ішінде жүру кезінде арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ететін белгілердің болмағаны анықталды. Қызметкерлердің бетперде режимін сақтамау фактілері бар. Еліміздегі 15 мектептің кіреберісінде ара қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету белгілері жоқ. Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, СҚО және Қарағанды облыстарының білім беру ұйымдары бар. Жиын қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары әкімдерге осындай қателіктерді жойып, ескертпелерді негізіге алып, шаралар қабылдау­ды тапсырды. Биыл оқу жылының екінші тоқсанында мектептердің қызметін қайта бастау үшін мұқияттылықтың аса қажет екенін көрсетті. 2-тоқсанда қалыпты режимде оқыту туралы шешім қабылдау кезінде мектептердің дайындық жағдайы, әзірлігі жан-жақты ескерілетін болады. Сол себепті 5 қазаннан бастап жалпы білім беру мектептерін ерекше тәртіп бойынша жаппай тексеру жұмыстарының басталатынын атап өту қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 1 =