Ерекше балаларға – ерекше көңіл

0 45

Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі артты. Бұл туралы кеше елорда әкімі Алтай Көлгіновтің азаматтарды онлайн-қабылдауы кезінде айтылды.

Қазіргі таңда қалада түрлі ауытқулары бар тәрбиеленушілерге арналған 45 түзету тобы жұмыс істейді. 10 балабақшада алғаш рет аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған арнайы топтар құрылды. Балабақшалар мен шағын орталықтарда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының бастамасымен мектептер базасында инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Биылғы жазда екі оңалту орталығы: біріншісі – «аутизм» диагнозы бар балаларды оңалтуға арналған орталық, екіншісі – № 1 көпсалалы балалар ауруханасы базасында жұмысын бастады. Орталық БЦП диагнозы бар балаларға арналған. 2020 жылдың соңына дейін көру қабілеті төмен балаларға арналған балабақша, иппотерапиямен айналысуға арналған жабық ат спорты манежі салынып, пайдалануға беріледі. Жаңа тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында Оңалту орталықтары, шағын орталықтар, медициналық орталықтар ашылады. «Жастар» сарайы ғимаратына, оның ішінде бассейнге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Демек, бассейн ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді болады. Инватакси саны екі есе өсті. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Осы онлайн кездесуде «Солнечный мир» қоғамдық қорының өкілі Ч.Евгения қала әкіміне ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін жағдай жасау және ұйымдас­тыру жұмыстарына көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Апта сайын қала әкімі азаматтарды қабылдайтын болады. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша, электронды карталар жүйесі әзірленіп, іске қосылды. Сандық жүйе тұрғындардың мәселелерін орындау мәртебесін көруге және бақылауға мүмкіндік береді. Тиімді кері байланыс және тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету үшін, өткен жылдың тамыз айында «Жанұя» отбасы инс­титутын қолдау орталығы ашылды. Осы уақыт ішінде орталық 57 мыңнан астам мәселенің шешімін тапты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − eleven =