Ерекше балалардың отбасына көмектеседі

0 48

Елордада «Бақытты шаңырақ» атты көпсалалы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Қа­йырымдылық мақсатта құрылған ұйымның ашылу рәсіміне ­Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, қордың құрылтайшыларына сәттілік тілеп, алғысын білдірді.

«Бақытты шаңырақ» атты қорымыз ерекше қажеттілігі бар балалар тәрбиеленетін отбасыларға көмек көрсетеді. Қор мүгедек бала тәрбие­леп жатқан отбасыларды барынша қолдау мақсатында құрылды. Біз қордың екінші құрылтайшысы әрі төра­йымы Пернеш Әбдікәрімовамен бірге бұл туралы ұзақ ойланып, осындай қор құру туралы шешімге келдік және отбасылардың бүкіл мүшелеріне жан-жақты көмек көрсетеміз деп шештік, – дейді Ботагөз Сұлтанова. Оның айтуынша, елорда әкімдігі олардың бұл шешімін қолдап, бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын шешуге көмектесті.
– Біз әкімдікке, соның ішінде қала әкімі Алтай Көлгіновке ғимарат пен керек қондырғыларды алу үшін өтінішпен шықтық. Ол өтінішімізді бірден қолдап, бізге 70 шаршы метрлік тұрғын жай беріліп, онда жөндеу жасалды, қондырғылар сатып алынды, – дейді қор құрылтайшысы.
«Бақытты шаңырақ» орталығы әртүрлі сала бойынша кең көлемде қызмет көрсетеді.
– Орталығымызда 13 әйел жұмыспен қамтылады. Бұл – 4 тігінші, 4 массажист, педикюр, маникюр шеберлері. Сондай-ақ полиграфия, шаштараз ашамыз. Онда ерекше қажеттілігі бар бала туғанға дейін өз мамандығы бойынша жұмыс істеген әйел­дер еңбек етеді. Сондықтан оларға жеке кәсіппен айналысуға мүмкіндік туғызу үшін осындай орталық аштық. Командамыз ауызбіршілікте жұмыс істейді, – деп түйіндеді Ботагөз Сұлтанова.
Орталық А.Иманов көшесіндегі 44-үйде орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 14 =