Ерекше аула клубы ашылды

0 36

Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған «BABYTOWN» жаңа аула клубы ашылды.

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы ашқан бұл орталық Қабанбай батыр даңғылында орналасқан. Клубта карате, жүзу спорт секциялары, сурет салу, би, балшық терапиясы сынды шығармашылық үйірмелері бар. Мектепке дайындық курстары, сондай-ақ массаж терапиясы сауықтыру бөлмелері де бар.
– Жастар саясатының басты бағыттарының бірі – өскелең ұрпақтарды салауатты өмір салтын ұстанып, еліне еселі еңбек ететін сау денелі азамат болып өсуіне себін тигізетін әртүрлі мүмкіндіктерді жасау. Бүгін осы мақсаттың аясында елордадағы 24-аула клубын ашып отыр­мыз. Орталық ерекше қажеттіліктері бар балаларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға ақысыз қызмет көрсетеді. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мұндай аула клубтары әлі де ашылады, – деді клубтың ашылуына қатысқан Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Айта кетейік, аталған орталыққа өзге де балалардың да келіп, жаттығумен айналысуына, өнер үйренуіне де мүмкіндік бар. «Астаналық балаларға біздің орталығымыздың есігі қашанда ашық. Балаларды өнерге тәрбиелеп, жаттықтыру арқылы денсаулығын күшейтуге орталығымызда барлық мүмкіндіктер жасалған» деді аталған орталықтың құрылтайшысы Жанат Бесбаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =