Эпидемиологиялық ахуал ойдағыдай

0 108

Жандарбек Бекшин

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушы – Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте еліміздегі тұрақты санитариялық-эпидемиялық жағдайды қамтамасыз ету бойынша агенттіктің қабылдаған алдын алу шаралардың барысы қозғалды. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, осыған дейін еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бақылауында болған 123 мыңнан астам нысанның 60 пайызы эпидемиологиялық тәуекелі жоғары емес нысандар болып табылады екен. Енді, Елбасының тапсырмасына сәйкес, мұндай нысандарға тексеру жүргізу тоқтатылып, ескерту сипатына көшірілгенін мәлім етті. Алдағы уақытта ведомство тарапынан болатын жоспарлы тексерулер тек қауіптілігі мен тәуекелі жоғары және орташа нысандарда ғана сақталатын болады. Оның нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы тексерістер үш есеге дейін төмендейді.

Жандарбек Бекшин сондай-ақ энтеровирустық инфекциямен сыр­қаттанушылардың жайына тоқталды. Биылғы маусым-шілде айларында Астана қаласында зерт­ханалық тек­серіс нәтижесінде расталған ме­нингиттің 80 жағдайы тіркелген.

«Агенттіктің аумақтық депар­таменттері энтеровирустық ин­фекцияның таралуының алдын алуға бағытталған профилак­ти­калық және эпидемияға қарсы жұмыс жүргізуде» дейді Ж.Бекшин. Оның айтуынша, қоршаған орта объектілерін – ашық су қойма­ларының, жүзу бассейндерінің, субұрқақтардың суын, ағынды суды мониторингілеу күшейтілді.

Сондай-ақ, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер ата-аналарға балаларын жеке гигиена ережелерін сақтауға, шомылудан бас тартуға, сапасы күмәнді суды ішпеуге, адамдар жаппай жиналатын жерлерге бармауға, суық тиюден сақтануға дағдылануға кеңес берді.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 + 19 =