ЕҢСЕЛІ МЕЖЕЛЕРГЕ ЕРКІН ЖЕТЕМІЗ

0 171
Болекпбаев
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Сарыарқа ауданының әкімі

Мемлекет басшысының «Әкім­­­­дердің халыққа есеп беру кез­десулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жар­лығына сәйкес қаладағы аудан әкімдері жыл сайын бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізеді.

Өткен жылы аудан әкімі тұрғын­дармен 5 есептік кездесу өткізді. Бұл кездесулерге барлығы 1506 адам қатысты. Тұрғындардан жалпы саны 80 өтініш  пен ұсыныс келіп түсті. Олардың көпшілігі аулаларды абаттандыру, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету, жол жөндеу және салу, білім беру, ден­саулық сақтау нысандарының құрылысы мәселелеріне қатысты қойылды.

Оның ішінде 21 мәселе шешімін тауып, 32-сіне түсініктеме берілді.

Қаржыландыруды қажет ете­тін  тұрғындар өтініштерінің қалғаны  «Сарыарқа» ауданы әкі­мі аппаратының тұрақты   бақы­лауына алынды.

Өткізілген есептік кездесулер қорытындысы бойынша аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын жүзеге асыруға арналған іс-шара жоспары жасалды.

Бұл жоспардың жүзеге асырылуы аудан тұрғындарын толған­дырып жүрген мәселелердің ше­шілуіне мүмкіндік берді. Мы­са­лы, тұрғындар  сапалы сумен қамтамасыз ету мәселесін көтерген еді. «Кирпичный» кентінде (Көк­сеңгір көшесі, Қамысты көшесі) ұзындығы 3,5 км су құбыры жүйесін қайта құрастыру жұмыстары  жүргізілді. «Өндіріс» кентіндегі 25/1- тұрғын үйінің маңындағы ұзындығы 420 м  кернеулі кәрізін қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жезді, Тастақ көшелеріндегі асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, сонымен қатар сыртқы жарық­тандыру жүйелері тартылды. Астана қаласының Энергетика басқармасы Бабатайұлы көшесінің құрылысы мен қайта жөндеу жұ­мыстарын аяқтады.

Сонымен қатар, тұрғындардың тілектері бойынша Герцен-Оқ­жет­пес көшелері қиылысына бағ­даршам орнатылды, №4 қалалық емхана аумағына қоғамдық көлік аялдамасы тұрғызылып, Бейбітшілік -Сейфуллин көшелерінің қиылы­сындағы аялдама павильоны  жөн­делді.

Бұған қоса, Сарыарқа  ауданы әкімі аппаратына бір жыл ішінде жеке және заңды тұлғалардан көп­теген өтініш  түсті. Олардың барлығы заңда көрсетілген мер­зімде қаралды.

2014 жылы барлығы 2093 жеке және заңды тұлғаның өтініштері қарастырылды.

Оның ішінде  жеке қабылдауға 204 азамат келіп, олардың 12-сінің өтініші  қанағаттандырылып, 180-не   түсініктеме берілді, ал, 12 азамат өзге органдарға жолданылды.

Сарыарқа ауданы әкімі аппара­тының ресми сайтына есептік кезенде 565 өтініш түсті. Оның 123-і қанағаттандырылып, 437-сіне түсініктеме берілді,  5-еуі қаперге алынды.

Тұрғындардың әлеуметтік маңызды мәселелерін жедел шешу үшін Астана қаласы сайтында «Халықтық бақылау» және «Виртуалдық қабылдау» айдарлары жұмыс істейді, осы айдарлар арқылы 327 азаматтан өтініш түсті. Көбінесе, олар ауланы абаттандыру, көшелердің су астында қалуы, көлік қатынасы және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық мәсе­лелерін қаузайды. Келіп түскен өтініш­тердің барлығы уақтылы қаралды.

2014 жылды қорытындылай келе, ауданның келесі көрсеткіш­теріне тоқталып өткім келеді.

Сарыарқа ауданының жалпы аумағы 19 202 гектарды құрайды.

Әлеуметтік-демографиялық ахуалдың 2014 жылғы 1 жел­тоқ­сандағы көрсеткіші бойынша аудан тұрғындарының саны 345 289 адамға жетті. Бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,3 пайызға көп.

 адам

Тұрғын халықты ағымдағы есепке алу деректері бойынша 2014 жылғы қаңтар-қараша айларында ауданға 13 833 адам келіп, 7 794 адам кетті (көші-қон айырмасы +6039 адам). Тұрғындар саны негізінен көші-қон есебінен көбейіп отыр.

 кел кет

Аудан аумағында 30 ірі және орта өндіріс орны, нақты жұмыс істейтін 29 687 орта және шағын бизнес субьектісі бар.

Өнеркәсіп өнімін өндіру (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер) көлемі 89 724,0 млн теңгеге жетіп,   Астанада өндірілген жалпы өнім көлемінің  27,7 %-ын құрады.

2015 жылдың басында түскен салықтың көлемі 247,6 млрд  теңгеге жетті (2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 109,2 %).

 салык

2014 жылдың қаңтар-желтоқсанда аудан кәсіпорындарынан негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 217,4 млрд теңгеге жетті (Астананың жалпы инвестиция көлемінің 33,8 %-ы).

Астана қаласының аудан әкімдерінің 2015 жылғы есеп беру кездесулеріндегі азаматтардың хаттары мен өтініштеріне арналған жәшіктер орнатылатын мекенжайлар мен нысандар тізімі 

Аудан бюджеті

Астана қаласы Сарыарқа ауданының бюджеті 2014 жылы 9 688 788,0 мың теңгені құрады. 2015 жылы аудан бюджеті 8 852 056,0 мың теңге болып бекітілді.

 бюджет

Құрылыс

Сарыарқа ауданы аумағында 347 құрылыс нысаны орналасқан. Пай­далануға бе­рілген тұрғын ғима­рат­тардың жалпы ауданы – 163 199 шаршы метр.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 5 көп пәтерлі тұрғын үй  құрылысы аяқталды.

35 нысан бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда, оның ішінде:

  • 31 көп пәтерлі тұрғын үй кешені, атап айтқанда:

– 4 мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй кешені;

– «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 5 тұрғын үй кешені;

– 22  коммерциялық көп қабатты тұрғын үй кешені.

  • 4 білім беру нысаны, атап айтқанда:
  1. Астана қаласы Сарыарқа ауданындағы Бөгенбай батыр даңғылында – 800 орындық кәсіптік мектеп (құрылыс бейінінде);
  2. Сейфуллин көшесінен оңға қарай – 1100 орындық мектеп;
  3. № 4 «Рябинка» балабақ­шасына қосымша құрылыс;
  4. «Көктал-2» тұрғын алабында – 240 орындық балабақша.

 

Апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді бұзу

Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі қанатқақты жобаға сәйкес «Елорда даму» ЖШС Астана қаласында 2013-2017 жылдар аралығында 128 апатты жағдайдағы-ескі тұрғын үйді бұзу жоспарлаған (2013 жылы – 4 үй; 2014 жылы – 19 үй; 2015 жылы – 40 үй; 2016 жылы – 45 үй; 2017 жылы – 20 үй).

Алдағы уақытта үйлерді бұзу бекітілген кесте бойынша жүр­гізіледі:

(алайда кесте қаржыландыруға байланысты ауысып отырады)

 уйлер саны

2014 жылы жалпы көлемі  6700,1 (153 пәтер) шаршы метр 19 апатты-ескі тұрғын үйді бұзу 2015 жылдың қаңтар-ақпан айына ауыстырылды, сонымен қатар, ағымдағы жылдың сонына дейін жалпы көлемі 27 041, 3 шаршы метр (617 пәтер) 40 апатты-ескі тұрғын үйді бұзу жоспарланған.

 

Жол-көлік инфрақұрылымы

Қаланың эко­номикалық тиімді жұмыс істеуі тұр­ғысынан алып қа­ра­ғанда, аудан сая­са­тының негізгі ажы­рамас бөлігі – жол-көлік инфра­құрылымын дамыту екені белгілі.

2014 жылы «Сарыарқа» ауданында мынадай жұмыстар жүргізілді.

 жол

«Көктал» және «Өндіріс» тұрғын алаптарында – 5,92 км инженерлік жүйе мен жолды салу және қайта жөндеу жұмыстары.

Тілендиев даңғылының оң жағы (Ж. Сейдалин көшесі).

«Көктал-1» (№ 1 көшесі; № 2 көшесі; № 3 көшесі; Алмалық көшесі; Саугөлек көшесі; Жаяу Мұса көшесі; Шортанбай ақын көшесі).

«Көктал-2» (Тарбағатай кө­шесі; Жезді көшесі; Тастақ кө­шесі; Қарасу көшесі; № 1 көше; № 2 көше ; Баршын көшесі; Районная- 2 көшесі).

«Өндіріс» тұрғын алабы

 (Жазық көшесі, 1, Жазық көшесі, 2, Жазық көшесі, 3).

Абаттандыру

Мәселелердің көпшілігі   абат­тандыру жайына қатысты болып отыр. Ауданымызда «Аулалар­ды кешенді абаттандыру» бағ­дарламасы бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағ­дарлама жоспарында  асфальтты –бетон  жолдар бетін тегістеп жабу, тротуарлар салу, сәнделіп қоршалған гүлзарлар орнату, балалар, спорт алаңдарын және кір жаятын алаңқайларды, әртүрлі жастағы балаларға арналған шағын архитектуралық пішімдерді алмас­тыру жұмыстары қамтылған.

Шағын архитектуралық пішім­­­дерге мыналар: балалар сырғанап ойнайтын төбешіктер мен әткеншектер, қолмен жүру қалқандары, құмсалғыштар, спорт­тық қондырғылар (бөренелер, көпқырлы турниктер, баскетбол қақпалары) жатады. Осыларды орнату, сонымен бірге кіреберістерге сәкілер мен қоқыс жәшіктерін орналастыру күн тәртібінде тұр.

Аудан бойынша 707 орамішілік аула бар. 2014 жылы 32 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде асфальтты–бетон  жолдар бетін тегістеп жабу – 28719 шаршы метр, тренажерлері бар алаңдар (тренажерлер саны – 120), 9 әмбебап спорт алаңы (жалпы көлемі  3894 шаршы метр), 187 шағын архитектуралық пішімдері орнатылған 32 балалар алаңы, көгал алаңын орналастыру көлемі – 13270 шаршы метр, т.б.

2015 жылы абаттандыру жұ­мыстары жалғасын табады.

Аудан аумағындағы үйлердің тозуын ескере отырып, абаттандырумен қатар үйдің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2014 жылы 41 тұрғын үйдің қасбеттері жөнделді.

Аталған жұмыстар тұрғындар ПИК өтініштері негізінде және кешенді абаттандыру шаралары қолға алынған мекенжайлар бойынша жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, 2015 жылы 42 тұрғын үйдің қасбеті жөнделеді.

Сонымен қатар 45 дана  шағын архитектуралық пішімдер, 3 мекенжай бойынша 21 дана тренажерлі кешендер орнатылып, 1 шағын футбол алаңы  жөнделеді.

Көгалдандыру

Ауданда  30 саябақ бар, оның  ішінде 4 саябақ  өткен жылы салынды,  2 саябақта қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Астана-Көгал­дандыру» АҚ 874 ағаш, 1468 т.м. бұталар отырғызылды, 19 874 м² бір жылдық гүл кө­шеттері егілді, 6447 м² көгал қалпына келтірілді, 3 сәнді мүсіндерге кілемді гүл көшеті отырғызылды, 457 ілмелі құмыраға және 616 дана бетонды вазондарға гүлшешек егілді.

Бағдарлама бойынша орамішілік аумақтарды жасыл желекке бөлеу мақсатында қураған әрі құлағалы тұрған 1019 ағаш оталды.

Жарықтандыру

Аудан көшелерінің түнгі келбеті үлкен рөл атқарады: жолға дейінгі бөліктер мен қоғамдық маңызы бар орындарды жарықтандырудың мәні зор.

Көшелерді жарықтандыру қызметін мердігер ұйым –«Астана қалалық жарық» ЖШС атқарады.

Қызмет көрсету аумағына 4887 көше жарықтандыру бағаны (6352 шамдық), 1477 тұрақтарды жарықтандыру (1642 шамдық), 49 орамішілік жарықтандыру (108 шамдық) қызметтері кіреді.

Ағымдағы ұстау

Сарыарқа ауданы аумағында барлығы механикаландырылған, қолмен, орамішілік көшелерді жинауды 23 мердігерлік ұйым атқарады. Күнделікті жұмысты 231 арнаулы техника, 523 жол жұмыс­шысы атқарады.

Мердігер ұйымдар  2014 жылдың 27 қазанынан 2015 жылдың  5 қаңтары аралығында   қар полигонына 315 894 текше м қар тасыды.

Барлығы 33 673,6 тонна қоқыс шығарылды.

Көктемгі және күзгі мерзім­дерде аудан аумақтарын абаттандыру ережелерін сақтау мақ­сатында жалпы қалалық және коммуналдық сенбіліктер ұдайы ұйымдастырылады. Оған 44,3 мың адам қатысты. Барлығы 793 дана ағаш, 1608 т.м. бұта отырғызылды, жалпы көлемі 171360 текше метр саябақ тазартылды. Қалалық көму полигонына   4703,78 тонна қалдық шығарылды (725 рейс).

Су тасу зардаптарының алдын алу мақсатында осы орамдарды қардан тазалап, көктемгі жаңбыр суларды арық-жүлге желілері арқылы ағызып жіберу мақсатында жоспар жасалып, Су тасқынына қарсы комиссия құрылды.

Қар тез еріп, жаппай су жайылған кезеңдерде 30 ас-машина мен 10 сорғы іске қосылды.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету

Бүгінгі таңда аудан аумағында 1055 көп қабатты тұрғын үй (жалпы көлемі – 3 911 978 шаршы метр, пәтерлер саны – 64 478) және 923 жеделсатылық құрылғы  жұмыс істейді. Орталық жылу торабына 928 үй қосылған, 18 үй – автономды сұйық және қатты отынмен,   110 үй пешпен жылытылады. Ауданда осы тұрғын үйлерге 130 ұйым (ПИК, ПК, ЖК, ЖШС және т.б.) қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар, ауданда 96 әлеу­меттік-мәдени тұрмыстық нысан  орналасқан, оның ішінде  білім беру нысандары – 77 (мектеп – 32, балабақша – 33, техникалық білім беру ұйымдары – 6, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу мен оқшаулау орталығы – 1, кәме­леттік жасқа толмағандарға қосымша білім беру баспанасы – 4), денсаулық сақтау нысандары – 12 (8 емхана, 2 аурухана, 2 орталық),  мәдениет нысандары – 7.

Аудан аумағында 4 апаттық-дис­петчерлік қызметі (АДҚ) жұмыс істейді.

Аудан тұрғындары кондоминимум нысандарын ортақ пайдалануға жұмсалатын шығындарын белсене төлейді. Өткен жылы көп қабатты үйлерге қызмет көрсету ұйымдарының күшімен жиналған 111 млн теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылды.

– 17 млн теңгеге 431 үйдегі ұзындығы 9 800 т.м жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу;

– 14,5 млн теңгеге 176 тұрғын үйдегі ұзындығы 6 800 т.м сумен жабдықтау құбыры мен кәріз жүйесін жөндеу;

– 23 млн теңгеге электр желілерін 414 үйде жөндеу;

– 37 млн теңгеге 310 үйдің 26,8 мың шаршы метрлік жабын аумағын жөндеу;

– 19,5 млн теңгеге 318 үйдің кіреберістерін жөндеу.

Жеделсаты шаруашылығы

Жаңа көп қабатты тұрғын үй кешендерінің берілуіне байланысты жеделсаты саны көбеюде. Аудан аумағында бүгінгі таңда 23 жеделсаты қондырғылары ұйымы жұмыс істейді, олар 923 жедел­сатыға қызмет көрсетеді, қал­ғандары  ПИК қарамағында.

Өткізілген мониторинг нәтижесі бойынша пайдалану уақытын (25 жыл) өтеуіне байланысты 10 жеделсаты қондырғысы ауыстырылып, 38 жеделсаты қондырғысы тозығы жетуіне байланысты күрделі жөндеуден өткізілуі керек.

Бүгінгі таңда тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын жаң­ғырту бағдарламасы бойынша 37,3 млн теңгеге 5 жедел­саты қон­дырғысы ауыстырылып. 56,5 млн теңгеге 7 жеделсаты қондырғысын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін 35 млн теңгеге 5 жеделсаты қондырғысын ауыстыру жоспарлануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы

Тұрғын үй-коммуналдық -шаруашылығын жаңғырту бағ­дарламасын жүзеге асыруға байланысты аудан тұрғындарына   арнаулы түсінік  жұмыстары үнемі жүргізіледі.

2014 жылы аудан бойынша жалпы мөлшері 343,7 млн теңгеге мына  мекенжайлар бойынша 18 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді:

– 232,2 млн теңгеге 8 үй (С.Сей­фуллин, 13/1, 22, Бей­біт­шілік,77а, Потанин,14/1, Жангелдин 10 көшелері, Жеңіс, 17, 71, Абай даңғылдары, 35) күрделі жөндеулерден өтті;

– 26,5 млн теңгеге 4 үй (С.Сей­фуллин 14/3, Желтоқсан, 27/1, Бигелдинов, 11 көшелері, Талапкер,5 орамы) ағымдағы жөндеуден өтті;

– 85 млн теңгеге   6 үйде (11 жеделсаты), (Бөгенбай батыр даңғылы,21 (1 жеделсаты), 21а (1 жеделсаты), 63 (3 жеделсаты), Сарыарқа даңғылы, 16 (2 жеделсаты), Абай  даңғылы, 5 (1 жеделсаты),  Бигельдинов, 5 (3 жеделсаты) жеделсатылар ауыстырылды.

2015 жылы аудан бойынша аталған бағдарлама аясында жал­пы сомасы 735,8 млн теңгеге 20 үйде жөндеу жұмыстары  жос­пар-ланған.

– 652,8 млн теңгеге – 13 тұрғын үйді күрделі жөндеу;

– 48 млн теңгеге – 4 тұрғын үйді ағымдағы жөндеу;

– 35 млн теңгеге 3 үйде 5 жеделсаты ауыстыру.

Қазіргі таңда барлық құжаттама (мәжілістер хаттамасы) бағ­дарламаның операторы «Өркен қала» ЖШС-не әрі қарай жұмыс жүргізу үшін берілді. Ол  жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

Осы бағдарлама қолға алынған­нан  бастап ауданда 473,1 млн теңгеге 25 үй (соның ішінде 12 жеделсаты) жөнделді.

Ақшалай қаражатты қайтару жөнінде ай сайын мониторинг жүр­гізіледі. Пәтер иелерімен ақшалай қаражаттың қайтарылуы 67,3 млн теңгені құрады(қайтарылу мерзімі — 7 жылдан 12 жылға дейін).

Қауіпсіз қала бағдарламасы қызмет көрсету органдарымен бірігіп, тұрғындардың мақсатты қаржылары есебінен көп қа­батты тұрғын үйлер төңірегіне бейнебақылау камераларын орнату, аула алаңы мен автотұрақтарды қамти отырып, жедел әрекет жа­сап, шара қолдану үшін ІІД ор­талықтандырылған диспетчерлік қызметіне және ПИК ғимаратына кабель тарту жұмыстары жүр­гізілуде.

Аудан бойынша 90 тұрғын үйге бейнебақылау жүйесіндегі 862 камера орнатылған.

Кәсіпкерлік

Ауданда орта және шағын биз­несті, жеке меншік кәсіпкерлікті қолдау белсенді жүзеге асырылуда. Астана қаласы Сарыарқа ауданында 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі есеп бойынша 50 701 шағын кәсіпкерлік нысан, оның ішінде 19289 заңды тұлға мен 31412 жеке кәсіпкер тіркелген. 2013 жылмен салыстырғанда 17,7%-ға көп.

Шағын бизнес субъектілерінің саны – 29 687, оның ішінде заңды тұлғалар – 10 922, жеке кәсіпкерлер – 18 765,  бұл 2013 жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға көп.

2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін 539 орта кәсіпкерлік субъек­тілері тіркелген.

Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы –2020» бағдарламасы кәсіпкерлік саласында қарқынды дамып, ең тиімді қолдау механизмі болып табылды.

Бұған қолдау алған  жеке кә­сіпкерлік субъектілері санының артуы дәлел болып отыр.

2015 жылдың 1 қаңтарына аталған бағдарламаны жүзеге асыруда мынадай нәтижелерге қол жеткіздік:

  • 39 жобаға 3,6 млрд теңге суб­сидия бөлінді;
  • 407,5 млн теңге өндірістік инфрақұрылымының 3 жобасын жүзеге асыруға бөлінді;
  • 9 млн теңге мөлшерінде жас буын кәсіпкерлерге 3 мемлекеттік грант бөлінді.

Рұқсатнамалық құжатсыз жарнама ілу деректерін анықтап, ондай жарнамаларды алып тастауға хабарламалар беру мақсатында рейдтер өткізіледі. 2014 жылы рұқсатсыз орнатылған 993 жарнама нысандары алып тасталды.

Рұқсат етілмеген орындарға сауда жасауға жол бермеу жөніндегі жедел топ автомагистраль тораптарында, базарлардың, сауда үйлерінің жанында бақша және т.б. өнімдерін сатушыларға бақылау жұмыстарын жүргізді. 2014 жылы 1353 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 1031 адамға ескерту жасалып, 322 адамға 1 889 040 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Ақпараттық-насихаттау жұмысы

Сарыарқа ауданы әкімі аппа­ратының ең негізгі қызметтерінің бірі – тұрғындар арасында ақпа­раттық-насихаттау жұмыс­тарын жүргізу.

Аудан әкімдігі жанында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салалары, бұқаралық ақпарат  құралдары, үкіметтік емес ұйымдар мен этно-  мәдени бірлестік өкіл­дерінен құрылған 6 ақпарат-насихат тобы жұмыс істейді.

Өткен жылы Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарда «Қазақстан – 2050 стратегиясы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты халыққа Жолдауын түсіндіріп, насихаттау мақсатында еңбек ұжымдары арасында 35 кездесу өткізілді. Оларға   жалпы саны 5330 аудан тұрғыны қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – бола­шаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауын түсіндіру мақсатында ақпараттық-насихаттау топтары  ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында 37 ақпараттық-наси­хаттау кездесулерін өткізді.

Әлеуметтік сала

Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратында үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде 2 қарттар мен мүгедектерге және 1 балаларға арналған бөлім­шелер жұмыс істейді.

Қазіргі таңда 2 ересектер бө­лімшесінде 134 қарт пен мү­гедектер тіркелген. Ал мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі  80 баланы қамқорлыққа алған.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді:

– балалар бөлімшесі – 22 815;

– ересектер бөлімі – 33 706.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ауданның жұмыс тобы 30 нысанды: 10 мемлекеттік басқарманы, 10 колледжді, 10 тұрғын үйді паспорттады.

Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп нысандарды бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайы бойынша мекенжайлық-әлеуметтік көмек көрсетілген отбасы саны – 89-ға, алушылар саны 347-ге жетіп, оларға жұмсалған қаражат 9 млн 522,4 мың теңгені құрады.

Денсаулық сақтау

Аудан аумағында 27 денсаулық сақтау ұйымы орналасқан, оның ішінде калалық емхананың 3 филиалы бар.

Тұрғындардың ден­­саулығын жақсартып, сапалы медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру мақсатында көктемгі уақытта «Көктал» және «Өндіріс» тұрғын алаптарында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп Ашық есік күндері ұйымдастырылды.

Білім беру

Сарыарқа ауданы аумағында:

– 7 жоғары оқу орны (23 744 студент);

– 17 колледж                  (13 587 студент);

– 32 жалпы білім беру мектебі              (34 984 оқушы);

– 10 арнаулы мекеме (4 692 оқушы);

– 33 балабақша (8 000 жуық бала);

– 5 аула клубы және 2 спортклубы білім беру қызметін жүргізеді

2014 жылы № 1, 25  мектеп-гим­назиясына және № 2, 20 бала­бақшаларға күрделі жөндеу жұ­мыстары жүргізілді.

Ауданның барлық мектебі ағым­дағы жөндеуден өткізілді.

2014 жылдың қыркүйегінде  №3 «Күншуақ», № 14 «Ақбөпе», № 27 «Балауса», № 31 «Ақ сұңқар» балабақшаларының ауласын абаттандыру жұмыстары аяқталды.

2015 жылы сегіз: № 3, 6, 34, 40, 41, 46, 49, 58 мектептің аулаларын абаттандыру жоспарланған.

Ауданда 5 аула клубы жұмыс істейді. Оларда спорттық секциялар, бейімділігіне қарай үйір­мелер және тіл орталықтары ұйымдастырылған.

Мәдениет және спорт

Аудан әкімі аппаратының маңызды қызмет бағыттарының бірі – елорда тұрғындарының мәдениетін жоғарылатып, келбетін қалыптастыру, сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау. Аудан әкімдігі   2014 жылы аудан аумағында 28 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізді.

Салауатты өмір салтын насихаттап, аулалар алаңдарындағы бұқа­ралық спортты дамыту, жаз кезеңінде балалардың демалысын   ұйымдастыру мақсатында  «Астана-EXPO-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-мен және Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасымен бірлесіп, спорт алаңдарында шағын футбол және баскетбол ойындары бойынша аула командалары арасында спартакиадалар өткізілді (Республика даңғ. 3/2; Ш.Айманов көшесі, 20; Көктал тұрғын алабы; Ардагерлер, 38/1; «Өндіріс» тұрғын алабы, Өндіріс, 27 көшесі; Бейбітшілік, 56, Әуезов, 19).

Сарыарқа ауданында шағын футбол және баскетбол бойынша турнир өткізу салтқа айналды.

Сонымен қатар, 2014 жылы шаңғы, коньки, қол күресі, шахмат, қазақша күрес бойынша ауданның ұйымдары, кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелері арасында сайыстар жүргізілді.

Есептік кезеңде Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты  Астана қаласының Туризм, дене шы­нықтыру және спорт бас­қар­ма­сымен бірлесіп, барлығы 29 спорттық іс-шара өткізді, оған 2900 тұрғын қатысты.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында есептік ке­зеңде Сарыарқа ауданы IIБ по­лициясының ювеналды инспекторлары, Астана қаласының білім басқармасымен бірлесіп аудан аумағында 53 шара, оның ішінде 27 жедел алдын алу шарасын, 12 акция, 12 жергілікті рейд  өткізді.

Құрметті тұрғындар!

Жыл сайын біздің елордамыз тұрақты өсіп, қарқынды даму үстінде. Біз бәріміз алдағы уақытта да бірлесе тынымсыз жұмыс істеп, оның дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет.

Елбасы Н.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында болашақта атқарар жұмыстарымыздың бағытын анықтап берді, біз оның негізгі бағыттарын   сапалы орын­дағанда ғана   мемлекетіміздің  да­муына  жол ашатын  межеге еркін жетеміз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 9 =