ЕҢБЕККЕР МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

0 76

«Қамқор-Менеджмент» ЖШС басқарушы компаниясы тобының бастамасымен Астана локомотив жөндеу депосында Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде Астана қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Еркін Рахымбергенов, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының» РМҚК Астана қалалық филиалы директоры Дәмежан Садуақасова кәсіпорын  жұмысшыларымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында зейнетақы жүйесін жетілдіру мәселелері, Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қорының жұмысы мен зей­нетақы жасын кезең-кезеңі­мен біріздендіру қажеттілігі түсін­діріліп, сұрақтарға жауап берді.

Жаңа жобаға сәйкес еңбек жағ­дай­лары зиянды жұмыспен айна­лысатын адамдардың дербес зей­нет­ақы шоттарына 15 пайыз зей­нет­ақы жарналары аударылатын болады, оның 10 пайызы жеке азаматтың жалақысы есе­бінен, ал, 5 пайызы жұмыс бе­руші есебінен жүргізіледі деп кү­тілуде. Осы жөнінде «Қам­қор-Менед­жмент» ЖШС бас­қару­шы директоры-аппарат бас­шысы Қолғанат Жүсіпова: «Кәсіп­орын­да тоғыз жүзден астам адам жұмыс істейді. Олардың бір бө­лігі адам денсаулығына зиян­ды жағ­дайда еңбек етеді. Ең­бек шартында қарастырылған шара­ларды есептемегеннің өзінде, жұмыс­керлердің еңбек жағдай­ларын жақ­сартуға еңбекақы төлеу қоры­нан кем дегенде 1 пайыз мөл­шерінде қаржы қарастырыл­ған бо­латын. Одан бөлек, еңбек жағ­дайлары зиянды және ауыр, қауіп­ті жұмыстарда істеген адам­дарға бөлінген қаражат шегін­де материалдық көмек көрсе­тілетін. Енді жаңа заң жобасы қабыл­дан­ғаннан кейін, 5 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын жұмысшының зейнетақы шотына кәсіпорын есебінен аударатын боламыз» дейді.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + nineteen =