Еңбекақыны уақытында төле!

0 141

Жұмыс берушілердің назарына!

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыс беруші қызметкерге уақытылы және толық мөлшерде еңбекақы және өзге де ақшалай төлемдер төлеуге міндетті.

Еңбекақы төлемдерінің мерзімдерін бұзу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

2012 жыл ішінде Астана қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясымен еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жалпы 52 млн теңгеден астам сомаға 1218 лауазымды және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, уақытылы еңбекақыларды төлемегендері үшін Астана қаласының құқық қорғау органдары мен кәсіпорындар басшыларына қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды.

Еңбек заңнамасының осы талаптарын сақтау Астана қаласының әкімдігіндегі жұмыс комиссиясының, сондай-ақ, прокуратура органдары мен Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің тұрақты бақылауында болады.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =