«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Еңбекақы төлеу жүйесі жаңарады

0 333

Астанада мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа еңбекақы төлеу жүйесін енгізу, сондай-ақ оның орындалу барысы талқыланды.

Еңбекақы төлеу жүйесі соңғы рет 14 жылдан аса уақыт бұрын енгізілген. Яғни бүгінге дейін айлық төлем қыз­меткерлердің жұмыс өтілі бойынша төленіп келген. Жиын барысында Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың айтуынша, министрлік қызметкерлері мен жергілікті атқарушы билік органдарының жұмысшылары арасындағы жалақы айырмашылығы 75 пайызды құрайды. Ал жаңа жүйе қазіргі уақытқа дейін байқалған проблемалардың алдын алмақ.
– Жыл басынан бері күрделі жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бірнеше мемлекеттік органда қанатқақты жоба жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Әділет министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі, сондай-ақ Астана қаласының әкімдігі. Осы бойынша нақты нәтижелерге қол жеткіздік. Бізде мемлекеттік қыз­меттен шығу көрсеткіші екі есеге азайды. Бұған қоса, жаңа кадрлар саны көбейді, – деді Айгүл Шайымова.
Талқылау барысында төрт органдағы тиімділіктер туралы айтылды. Бұл ретте экономикалық жағынан тиімді тұстарын Астана қаласы мен Маңғыстау облысының әкімдіктері көрсеткен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды