«Еңбек» нәтижесін берді

0 22

Жыл басынан бері 109,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. Нәтижесінде 100,4 мыңы жұмысқа орналасса, оның 32,8 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған.Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 236 азамат жіберілді. Өз ісін ашу үшін 1,2 мың адам мемлекеттік грант алды.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 68,6 мың адам жұмысқа орналасқан, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 9,7 мың, жастар практикасына – 5,1 мың, қоғамдық жұмыстарға – 53,8 мың адам.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 35 отбасы немесе 97 адам қоныс аударды, оның ішінде 47 адам еңбекке қабілетті жаста. Еңбекке қабілетті 23 адам жаңа тұрғылықты жерде тұрақты жұмысқа тұрды.
Өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысқан. Оның 437,3 мыңы жұмысқа орналастырылды, 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.
Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × two =