ЕҢБЕК НАРЫҒЫ: СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС

0 1  586

ERA_9588

Халықты жұмыспен қамтуға байланысты елімізде көптеген шаралар мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Соған қарамастан, бұл мәселе әлі де күн тәртібінде тұр. Оның себептері көп. Мамандардың еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес келмеуі, маман иелерінің талапқа сай еместігі – мәселенің бір қыры ғана. Астанадағы «Ел қанаты» қоғамдық қоры еңбек нарығына қандай мамандықтар қажеттігі, қазіргі түлектердің кәсіби сапасы жөнінде арнайы зерттеу жүргізіпті. Онда жұмыссыздық мәселесіндегі бірқатар түйткілдердің түйіні тарқатылған.

«Ел қанаты» қоғамдық қоры президенті Асланбек Жақыптың айтуынша, олар алдымен әр­түрлі компания басшылары, жеке кәсіпкерлер – барлығы екі мың­нан аса жұмыс беруші арасында еліміздегі кадр тапшылығы жө­нінде сауалдама жүргізген. Са­уал­дамаға қатысушылардың басым бөлігі астаналықтар болыпты. Респонденттердің 50,6 пайызы елі­­мізде мамандар тапшылығы жоқ деп есептейді екен. Бірақ, 32,6 па­йы­­зының пікірі керісінше.

Жұмыс берушілердің пікірінше, елімізде ең қат болып отырған мамандар – инженерлер (13,8 па­йыз) мен дәрігерлер (12,8 пайыз). Содан кейін құрылысшылар, бағ­дарламашылар, мұғалімдер мен оқытушылар екен.

Ал, «Оқу орындарында даярланып шығатын түлектердің кәсіби білімі қазіргі экономика талаптарына сай ма?» деген сауалға 44,5 пайызы «көп жағдайда сәйкес келе бермейді» деп жауап берген. «Сондықтан мамандар даярлау сапасына оқу орындары айрықша көңіл бөлуге тиіс» дейді журналистермен өткен баспасөз мәслихатында «Кәсіпқор холдингі» ҰАҚ студенттермен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Тоғжан Жұмағұлова. Оның айтуынша, жұмыс берушілердің 63 пайызы түлектердің біліміне, кәсіби даярлығына көңілі толмайтын көрінеді.

Еңбек нарығындағы сұранысқа болашақ мамандардың таңдауы сәйкес келе ме? «Ел қанаты» қоғамдық қоры бұл сауалды еліміздің сегіз өңірінен 2 мыңдай респондентке көлденең тартып, арнайы сауалдама жүргізген. «Бұрынғыдай емес, бүгінде жас­тар еліміздің еңбек нарығына техникалық маман иелері қажет екенін түсінген секілді. Сауалдамаға қатысқан Астана мен Алматы және Қарағанды қаласындағы жоғары сынып оқушылары мен түлектердің көп­шілігі техникалық саланы жөн көретінін айтыпты. Тек 6,1 пайызы ғана құқықтану мен мемлекеттік қызмет және мемлекеттік бас­қаруды қалайтынын жеткізген» дейді қор жетекшісі Асланбек Жақып.

диаг

диаг 1

Әлеуметтік сауалдама нәти­­же­лері бекерден-бекер жүргізілген жоқ. Жиында сөз алған Білім және ғылым министр­лігі жас­тар ісі жөніндегі коми­тет­тің бас сарапшысы Дамир Мең­ді­ғалиевтің айтуынша, сауалдама қорытындылары министрлік тарапынан ескерусіз қалмайды. Әсіресе, түлектердің еңбек нары­ғына сай сапалы маман болып шығуына министрлік ерекше көңіл бөлетін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × two =