ЕҢБЕК МИГРАНТТАРЫ ЕРЕЖЕГЕ БАҒЫНАДЫ

0 125

1373950646_migranty

Астанада биылдан бастап шетелдік азаматтарға жұмыс істеуге патенттер беріледі. Бұл жөнінде елордалық Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша,  қазіргі уақытта патенттің құны екі айлық есептік көрсеткішті, яғни, 3704 теңгені құрайды. Бір жеке тұлға бес шетелдік азаматты жұмысқа жалдай алады екен. Ол адамдар үй шаруашылығында аспаз, бала күтуші, бағбан болып жұмыс істейді. Патенттің әрекет ету мерзімі кемі бір ай мен бір жылдың аралығын қамтиды. Мерзімі өткен соң шетел азаматы өз еліне кетуі тиіс. Егер жұмысын жалғастыратын болса, бір апта өткен соң қайтадан  патент алады. Мұндай патенттер елімізбен визасыз режим жасасқан ТМД азаматтарына беріледі. Құжатты алу үшін олар Көші-қон полициясы басқармасына өтініш жазып, мемлекеттік баж төлейді. Енді еңбек мигранттары тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген жағдайда жауапкершілікке тартылады. Жалпы, бір жылдың ішінде  Астанада көші-қон заңының талаптарын  орындамағаны үшін 8 мыңнан аса шетелдік тіркелген.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 10 =