©2020 Астана Ақшамы
Еңбек Ері мен Олимпиада чемпионы
Целиноград облысындағы «Родина» совхозының озат механизаторы, Социалистік Еңбек Ері Леонид Картаузов қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровпен бірге.
Сурет 1980 жылы Қазақ ССР-інің 60 жылдық мерекесін тойлау кезінде түсірілген.
Қазір бұл адамдардың екеуі де өмірде жоқ. Алайда соңына кейінгі ұрпақ айта жүрердей өшпес із қалдырды. Елордада Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш орнатылып, Жекпе-жек сарайына есімі берілсе, Леонид Картаузов көше атауын иеленді.