ЕҢБЕК АДАМЫН ДӘРІПТЕЙТІН ДОДА

0 111

Бүгін Бас редакторлар клубы Еуразиялық Топтың (ERG) қолдауымен қазақтілді журналистер арасында өткізілген дәстүрлі VI «Алтын қалам» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

ккк

Бұл жарыстың мақсаты Еуразиялық Топ кәсіпорындарында жұмыс істейтін қарапайым еңбек адамдарын бейбіт заманның қаһармандары ретінде үлгі етіп, насихаттау болатын. Сол арқылы жұртшылыққа жұмысшы мамандықтардың қыр-сырын таныту көзделген-ді.

«Қазіргі таңда Еуразиялық Топ – үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы көшбасшыларының бірі. Бағдарламаның алғашқы 5 жылында жалпы құны 2,5 миллиард долларлық 12 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 2 жарым мың жаңа жұмыс орнын аштық. Еліміздің әр түкпіріндегі Еуразиялық Топ кәсіпорындарда 61 мыңнан аса адам еңбек етеді. Біздің өндірістегі металлургтер, кеншілер, шахтерлер, электр стансасы операторлары, көпірлі кран мен экскаватор машинистері бір үйдің баласындай тату. Осы азаматтардың еселі еңбегі арқасында Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі Еуразиялық Топтың еншісі 4 пайызды құрап отыр» деді аталмыш мекеменің аппарат жетекшісі Сейітқали Рахимов.

9999999

Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, шығармашылық конкурсқа баспасөз, радио және телевизия саласының 37 журналисі 133 материал ұсынған. Оның ішінде 22 журналистің 57 жұмысын комиссия мүшелері талапқа сай деп таныды. Сайысқа қатысуға аймақтық журналистердің ынтасы жоғары болғанын еске салу керек.

Әділ қазылар алқасының қорытынды шешімі бойынша 1-орын «Үздік мақала» номинациясында облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Кәмшат Қопаеваға, ал «Үздік сюжет» номинациясында «Астана» телеарнасының журналисі Айгүл Шайхимоваға бұйырды. Жеңімпаздардың әрқайсысына 500 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы берілді. Ал 2-орынды «Егемен

Қазақстан» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі Нәзира Жәрімбетова мен «24.KZ» телеарнасының Павлодардағы меншікті тілшісі Қарлығаш Қасиетова еншіледі. Жүлдегерлердің әрқайсысына 300 мың теңгенің сертификаты табысталды. «Қазақстан» телерадио кешенінің Қарағанды облыстық филиалы журналисі Әшмұхан Жампейісов пен Павлодар облыстық «Халық» радиосының тілшісі Раушан Сыбанжанова 3-орынды олжалап, әрқайсысы 200 мың теңгеге ие болды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten − nine =