Еңбегіміздің бағаланып жатқанына ризамын

0 16



Әбдісабыр ОРЫНБЕКҰЛЫ, Нұр-Сұлтан қаласы көпсалалы медициналық орталығының дәрігер-инфекционисі:

– Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясы анықталған пациенттерді қабылдап жатырмыз. Президент тапсырмасы аясында бізге берілген уәде бойынша 10 сәуірге дейін сыйақымызды алдық. Сондай-ақ үш есе жалақы түрінде үстемеақы берілді. Мен инфекционист-дәрігер ретінде қауіптілігі ең жоғары санатқа жатамын. Қазір «Hilton» қонақ үйінде тұрып жатырмыз. Бізді тамақтандыруы өте керемет. Қажетті жағдайымыздың бәрі жасалды. Біздің еңбегіміздің дәл осындай деңгейде бағаланғанына өте ризамын. Төлем мөлшері толығымен қанағаттандырады.
Менің анам қарт кісі, қазір Қызылордада тұрады. Отбасымның кенжесі болғандықтан менің жағдайымды қатты ойлап, жүрегі ауырады. Бұл бір жағынан маған да оңай емес. Бірақ қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мұның бәріне көніп, ары қарай жұмыс істеуім керек. Отбасыммен күнделікті хабарласып тұрамын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + twenty =