Ең үздік отбасы айқындалады

0 14

Аталған байқауға 100-ден астам отбасы өтініш берді. «Ең үздік отбасы» байқауының келесі кезеңіне 82 қатысушы жолдама алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы кезеңнен өткен 30 отбасы одан кейінгі кезеңге жолдама алады.«Біз жарыстың тапсырмаларын кезең-кезеңімен беріп отырамыз. Бұл кезеңде еріктілер жылына байланысты, әр отбасыға игілікті іс жасау, көмек қолын созу, қайырымдылық жасау секілді тапсырмалар берілді. Волонтерліктің жеті бағыты бар, соның бірін әр отбасы өзі таңдайды: үй шаруасына көмектесу, балаларды оқыту немесе т.б. қызметтер атқарады» дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Бақытжан Жүнісбеков. Байқау барлық санитария нормаларын сақтап өткізіліп жатыр. Себебі барлық қатысушы бір ғимаратқа жиналмайды, тапсырма тек онлайн беріледі. Әлеуметтік жобаның жалпы жүлде қоры – 1 800 000 теңге. Алайда жүлдегерлерге сертификаттар табысталып, сол сертификатпен әр отбасы өз шаңырағына қажетті тұрмыстық техника сатып ала алады. Байқау жеңімпазы 500 000 теңге жеңіп алса, екінші орын үшін – 350 000 теңге, үшінші орын үшін 250 000 теңгелік сертификатқа ие болады. Сондай-ақ финалға шыққан 7 отбасыға ынталандыру ретінде 100 000 теңгеден беріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + eleven =