Ең үздік емделуші

0 96

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Ең үздік емделуші» атты қалалық байқау өткізді.

Аталған басқарманың ресми сайтындағы мәлімет бойынша, конкурс жүртшылықтың өз денсаулықтарына деген жауапкершілігін күшейтіп, дәрі-дәрмектерді қолданудағы сауаттылығын арттыруды мақсат еткен. Үздік емделушіні іріктегенде, олардың зиянды әдеттерінің жоқтығы, дәрігерге уақытылы қаралауы, тағайындаған дәрілерді уақытылы ішуі, тамақтану мен диета дағдысын ұстануы ерекше ескерілген. Сөйтіп, байқауға қатысқан 10 медициналық мекеменің әрқайсысынан бір үздік емделуші анықталды. Атап айтқанда, Лидия Нисенко (№1 қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ), Күлән Оспанова (№2 ҚЕ), Ақмарал Түскен (№ 3 ҚЕ), Алексей Пак (№4 ҚЕ), Валерий Маковский (№5 ҚЕ), Нина Щебет (№6 ҚЕ), Владимир Корецкий (№7 ҚЕ), Сатыбай Абдрахаман (№8 ҚЕ), Н.Востриков (Теміржол емханасы), Әсел Дүйсебекова Әсел («Демеу» ОДО).

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 7 =