«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ең үлкен мәселе – әділеттілік

0 50

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында адам құқығы мәселелеріне жіті мән беретіндігін баса айтты. Әділет негізі – құқық қорғау инс­титуттарын күшейту жөнінде нақты тапсырма да берді. Президент әсіресе өлім жазасына тыйым салу жөніндегі шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу, зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін шаралар қабылдау қажеттігін де жеткізді.

elorda club каз

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 16 мың шағым түскен. Биылғы жылы отбасына озбырлық көрсеткен 730 ер адам арнайы тіркеуге алынған. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан отбасылық-тұрмыс­тық қылмыс деңгейі соңғы 3 жылда өскенін айтты.

Айдос САРЫМ, Мәжіліс депутаты:

– Қазақстандағы ең үлкен мәселе – әділеттілік. Осы мәселеде Президентіміз Жолдауында ең алдымен Конституцияға өзгеріс керек екенін айтты. Өйткені депутаттарға аймақтардан ай сайын 15-20 шақты хат келеді. «Жоғарғы немесе облыстық сотқа дейін жеттік», «мынау заңсыз», «құқықтарымыз өрес­кел бұзылды, бармаған жеріміз жоқ» деген шағымдар көп айтылады. Біздің бұл шағымдардың шешілуіне қатысуға құқығымыз жоқ. Тек сол хаттарды міндетті органдарға ғана жібере аламыз. Шын мәнінде Конституциялық соттың қайтадан өмірге келуі, оның әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы кешенді институтқа айналуы, менің ойымша, еліміздегі сот жүйесінің дамуына жақсы пәрмен береді. Себебі нақты бір топ азаматтары бірігіп, адам құқықтары жөніндегі уәкіл немесе прокуратура арқылы Конституциялық сотқа жүгінеді. Сол арқылы өзінің ғана мәселесін емес, ұқсас заңсыздықтарды іске асыру мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Конституция маңызды құжат саналады. Шығыс елдерінде «контрольная палата», «аудиторская палата» деген бөлек биліктің бір тармағы сияқты болып кеткен. Әсіресе, Қытай, Кореяда, т.б. елдерді мысалға келтіре аламыз. Қазақстандағы жоғары аудиторлық палатаның іске асуы, яғни салық төлеушінің қаражаты жүрген жердің барлығын тексере алатын мүмкіндікке қол жеткізу, Палатаның тікелей Мәжіліске қарауы, жылына екі рет есеп беру мемлекеттік ашықтықты тыюға пәрмен беретін нәрсе деп айтар едім. Мәжіліс пен Сенат арасындағы осындай өзгерістер елдегі салмақты биліктің орнауына әсер етеді. Осы реформалардың тезірек іске асуы ұлттық та, жеке де мүддемізден туындайды.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылы отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты 16 мың шағым түскен. Биылғы жылы отбасына озбырлық көрсеткен 730 ер адам арнайы тіркеуге алынған. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан отбасылық-тұрмыс­тық қылмыс деңгейі соңғы 3 жылда өскенін айтты.

Аида ЖЕКСЕНОВА, қоғам белсендісі:

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді талап етіп отырғанын айтты. Еліміздің қылмыстық Кодексіне «қудалау», «кибербуллинг» сияқ­ты ұғымдарды енгізу қажет деп есептеймін. Тек педофильдердің ғана емес, зорлаушылардың да есебін жүргізу керек. Бұл мәселеге тек Бас прокуратура ғана емес, қоғамдық ұйымдар, зардап шеккендердің өздері де қосылуы керек. Бір-бірімізбен ынтымақтастықта ғана әйелдер мен балаларды қорғай алатын тиімді заңдар жасай аламыз.

1551357745_fo

Бүгінгі күні елімізде орын алып жатқан зорлау фактілері Қазақстандағы гендерлік теңсіздіктен десек болады. Жасыратыны жоқ, біздің елімізде әйел үнемі физикалық және моральдық зорлық-зомбылыққа ұшырайды: жұмыста, үйде, көшеде – біз үнемі қудалау көріністеріне тап боламыз. Әйелдер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, басшысының «жеңіл» әзілі мен қудалауына төзбеу керектігін түсінуі керек. Өзінің кінәсіздігін сезінген адам күшейе бастайды және жәбірленуші адам арқылы өзінің бағасын көтереді. Алдымен ол «ақымақ әйелсіз» деп айтады, одан кейін дауысын қатайтады, қолын көтереді. Тіпті күнделікті зорлық-зомбылық өлімге де апаруы мүмкін. Бұл тақырыпты қозғасам, көп адамдар қарсы шығады. «Әйелді ұруға болмайды, бірақ соның бәріне әйелдің өзі кінәлі. Өзі ашық-шашық киініп, еркекке себеп тауып береді» деген уәж айтады.  Бұл дұрыс емес! Жалпы кез келген санасы сау адам ортаның не екенін біледі. Кімнің қалай арандатқанына қарамастан, адам өзінен әлсіз біреуді ұруға ешқашан жол бермейді. Мұндай адамдарды ақтап алсақ, ондай адамдардың өздерін еркін сезінуіне жол береміз. Осының әсерінен елімізде жантүршігерлік оқиғалар орын алуда.

Қажымұқан МЕКЕМТАС, Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқарушы:

– 2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына ты­йым (мораторий) енгізілген болатын. Содан бері жасалған қылмыстар үшін өлім жазасы тағайындалмаған еді. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевпен «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактіге өлім жазасын жоюға бағытталған екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойылып, осылайша 2021 жылдың соңында Қазақстан өлім жазасынан толық бас тартқан болатын.

Аталған норма бойынша Президенттің Конституция­ға өзгерістер енгізу керек деген пікірін қолдаймыз. Бұл – адамзат тарихындағы ең өркениетті мемлекеттердің заңнамаларында орын алған өзекті мәселе. Қазіргі «Жаңа Қазақстан» құру кезеңінде адамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, гуманизм тұрғысынан да бұл қолдайтын шешім деп білеміз.

Мемлекет басшысының бұл Жолдауындағы бізге ұнағаны – алқабилер сот төрелігін жүзеге асыруға кеңінен жол ашылатындығы.  Осыған орай, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилер қатысатын соттың соттылығы кеңейеді және сәйкесінше алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыс­тық істердің саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда күрт артады деп пайымдалуда. Осы тұрғыдан алғанда, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қараудың шеңбері де артып отыр. Қылмыстық істердің саны мен санаттары, түрлері, аса ауыр істерді қарау кезіндегі алқабилердің құрамын қалыптастыру мен олардың жауаптылық, құқықтық санасы, заңи көзқарастан бөлек, адами көзқарастары өз орнын көрсетері анық

Мемлекет басшысының бұл Жолдауындағы бізге ұнағаны – алқабилер сот төрелігін жүзеге асыруға кеңінен жол ашылатындығы.  Осыған орай, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап алқабилер қатысатын соттың соттылығы кеңейеді және сәйкесінше алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің саны бұрынғы жылдармен салыстырғанда күрт артады деп пайымдалуда. Осы тұрғыдан алғанда, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қараудың шеңбері де артып отыр. Қылмыстық істердің саны мен санаттары, түрлері, аса ауыр істерді қарау кезіндегі алқабилердің құрамын қалыптастыру мен олардың жауаптылық, құқықтық санасы, заңи көзқарастан бөлек, адами көзқарастары өз орнын көрсетері анық.

Дина СМАИЛОВА, #НеМолчиkz әлеуметтік қорының негізін қалаушы:

– Біздің қоғамда «ұят» деген нәрсе санамызға сіңіп қалған. Тұрмыстық зорлық-зомбылық біздің басты мәселеміз болып отыр. Себебі статистиканы қарасақ, адам шошырлық деуге болады. Маңызды мәселе деп отырған себебім, 5 жылдың ішінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіруге байланысты 1389 қылмыс жасалған. ҚР ҚК 107-бабы бойынша денсаулыққа орташа зиян келтіру бойынша – 1160 іс. Енгізілген түзетулерге қарамастан, бес жыл ішінде Қылмыстық кодекстің 110-бабы бойынша (азаптау, ұрып-соғу) отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 19057 ұрып-соғу ­факт­і­­сі тіркелген. Негізінен, белгілі бір сексуалды, тұрмыстық іспен арнайы органдарға барсақ, ол ұзақ қарастырылады немесе мүлдем еленбейді.

Біздің қорға күніне жедел жа­уап беру желісіне 40-тан аса қоңыраулар келеді. Мұның өзі салмақты қарайтын мәселе екенін көрсетіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауда қабылдаған тұрмыстық зорлық-зомбылық жазасы күшейтілетініне қатты қуандым. Бұл біраздан бері айтылып жүрген еді. Мәселен, 2020 жылы сот заңдағы небір олқылықтарды жинақтап, генерал прокуратурасына қарастыруға ұсынған болатын. Нәтижесінде сол жылы зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа заңнамалар қабылданды. Одан кейін прокурорлар да, Қасым-Жомарт Тоқаев та осы мәселені қозғады. Үлкен деңгейде көрінбесе де, жүйелі түрде ақырын орындалып келген еді. Енді, міне, қатаң жаза қолданылады.

Негізінен, тұрмыстық жағдайда жәбір көрген әйел полиция органдарына арыз жазады. Кейін міндетті түрде физикалық түрде алған жарақаттарын видео, фотоға түсіріп, судмедэкспертизаға жіберілуі қажет. Сараптаманың нәтижесін алып, сотқа беріледі. Сол сәттен бастап сот істері басталып кетеді. Жәбір көрсеткен адамды әйелінен 30 күнге алшақтатып, қарым-қатынастың кез келген түріне тыйым салады. Егер де жылжымайтын мүлік, яғни тұрғылықты үй сол күйеуінің атында болса, онда жұп әр апта сайын келіп, үйдегі мән-жайды жеткізіп тұруы қажет. Қойылған талаптар орындалмаса, жәбір көрсетушіні 3 күнге қамауға алып, сот жаңа тәртіп ережелерін шығарады. Ол ережелер бұрынғысынан қатаң, әрі жарты жыл немесе бір жыл мерзімге бекітіледі. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, ереже қандай қатаң болса да, «істеймін» деген кісі өзінікін істейді. Атап өткен тәртіп ережелер біздің жәбірленушілерді қорқады деп айта алмаймын. Себебі әйел адам өміріне қауіпті жарақат алып, қаза таппаса, қаскөйлерге әкімшілік құқықбұзушылықтан артық жаза қолданбайды. Жарақаттар әйелді мүгедектікке дейін апарып жатады, ал оның ай сайынғы жәрдемақысын мемлекет төлейді. Ал мемлекеттің қаржысы сіз бен біздің салықтан құралады. Оған қоса, егер де әйелді көшеде кез келген бөтен адам ұрса, онда ол қылмыстық іске жатады. Ал әйелді туған күйеуі ұрса, онда ол әкімшілік құқық бұзушылықтың «тұрмыстық жағдайдағы келіспеу­шілік» деп қарастырылады. Заңдағы осы олқылықтар енді қайта қаралады деп ойлаймын.

P.S: Бұл өзгерістер – бүгінгі күндегі «Жаңа Қазақстан» құру кезіндегі қоғамдық өркениетті даму процестерінде өз орны бар күрделі мәселе. Әсіресе, сот жүйесін жаңаша реформалау, қазіргі уақыт талабына сай қайта құру, халықтың соттарға деген сенімін арттыру ауқымды үдеріс деп айтар едік. Тек мұның бәрі қағаз жүзінде қалмай, тезірек іске асса, халық көкейіндегі көп сұраққа жауап таба алатыны анық.

Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды