Ең тұрақты 20 мемлекеттің қатарындамыз

0 268

KPMG саяси тұрақты елдердің индексін жариялады. Тізімнің басында Сингапур, соңында Ауғанстан тұр. Мұнда Қазақстан АҚШ, Ұлыбритания және басқа дамыған мемлекеттердің қатарында 20-орынға тұрақтапты.

KPMG бұл т­алдауын екінші рет өткізіп отыр. Өткен жылы тізімге 30 мемлекет еніп, еліміз бұдан гөрі жоға­ры дәре­жеде көрін­ген болатын. Oxford Economicsмен бірге жүргі­зі­ліп отырған жаңа индекс нұсқасында елдер­дің өзге­ріс­терге, то­сын табиғи апат­тар­ға қарсы тұрар және жа­һандық техно­логияның төмендеу деңгейі, демография, ғалам­дық бәсе­ке­лестік пен инвес­тиция ағыны сияқты ұзақ мер­зімдік тенденцияларға шыдас беру мүмкіндік қабілет­тері талданған.

Мемлекеттің өзгеріс­терге дайындық талдауы са­лыс­тырмалы 26 өзге­рісті ортаны ен­гізді. Олардың қата­рында биз­нес-ортаны дамы­ту, мем­лекеттік институт­тардың әрекеттігі, әлеуметтік әлеует пен адам капита­лы бар. Аталған зерттеу әлемнің түрлі елде­рінен 500-ден аса сарап­шы­лар­дан алынған сұх­баттар негізінде, сондай-ақ, Бүкіләлемдік эконо­ми­калық форум, Бүкіл­әлем­дік банк, Economist Intelligence Unit, Бүкіл­әлемдік денсаулық сақтау ұйымы және ЮНЕСКО сияқты 70 қайталама өзге­рістерді зерделеу барысында мүмкін болды.
Бір айта кетерлігі, Қа­зақстан – ең тұрақты 20 ел қа­тарына енген ТМД-дағы жалғыз мемлекет. Мәсе­лен, көршіміз Ресей 62-орында. Ал, барлық пост­кеңестік елдер ішінде ҚР тек Литвамен қатар тұр.
«Байлық пен жан басына шаққандағы жоғары табыс экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты көтеру үшін еш кедергі болып табылмайды» деп түсіндіреді KPMG International басшысы Ти­моти Стайлс. – Бұл толқулар кезінде күшті инсти­туттар мен басқа­рулар тұрақтылықты қам­та­масыз етуі және жаңа мүм­кіндіктерге есік ашуы мүмкін табысы төмен мемлекеттер үшін үміт­тендіретін негіз».

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + 9 =