Ең төменгі жалақы 19 966 теңге болады

0 116

   2014 жылдан бастап еліміздегі ең төменгі жалақы 19 966 теңгені құрайтын болды. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында «2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды. Заң жобасы бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі жалақының ең төменгі мөлшері 19 966 теңге шамасында қарастырылған. Сонымен қатар, алдағы жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 9 мың 983 теңгені құрайды, ал зейнетақының ең төменгі мөлшері 20 мың 782 теңге шамасында белгіленген.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

ten + five =