Ең құнды сыйлық – кітап

0 97

Кеше Ұлттық Академиялық кітапханада «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мектеп кітапханаларына кітап сыйлады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде шығарылған «Қоғамдық сананы жаңғырту: тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер» кітабы мен «Жас ақын» және «Жастар жырлайды» өлеңдер жинақтары, сонымен қатар Ұлттық Академиялық кітапхананың қорынан елордамыздың 19 мектебіне 200-ден астам кітап сыйға тартылды.
Аталған іс-шараға Ұлттық Академиялық кітапхананың директоры Үмітхан Дәуренбекқызы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы Ақерке Жұманбаева, Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғыс Қожахметов және жалпы білім беру ордаларының директорлары қатысты.
«Бұл шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – кітап оқуды трендке айналдыру. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан кітаптарды мектеп қабырғалары мен басқа да білім ордаларының кітапханаларына табыстай отырып, жастарға қазақ тілінде шыққан кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Кітап – адамзаттың ең құнды рухани байлығы. Сондықтан да біз кітапханалар қорын қамтамасыз ету үшін осы сынды акциялар ұйымдас­тырып отырамыз деді, – Ақерке Жұманбаева.
Сыйға тартылған кітаптар оқушылар мен ұстаздардың назарларына «Елорда – білімді орда» кітапсүйер қоғамын қалыптастыру мақсатында ұсынылып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × four =