©2020 Астана Ақшамы
Ең қиын тілдер
1. Үйренуге ең қиын тіл – баск тілі екен. Оның қиындығы соншалық, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оны шифр ретінде де қолданған көрінеді.
2. Нивх тілінде (Сахалин аралының солтүстігінде таралған) үшке дейін санау – оңай шаруа емес. Нивх сан есімдері не санайтыныңызға байланысты құбылып отырады. Мәселен, шаңғы санау бөлек, қайық санау басқа, ал, балықты есептеу тіптен өзге болады. Бұл тілде, барлығы 26 санау тәсілі бар.
3. Табасаран тілінде (Дағыстанның ресми тілдерінің бірі) зат есімнің 48 септігі бар.
4. Эскимос тілінде осы шақтың 63 формасы болса, зат есімнің 252 жалғау түрі қолданылады.
5. Санскрит мәтіндерін сауатты аудару және жазу үшін орташа есеппен кемінде 12 жылдай уақыт кетеді.
6. Солтүстік америкалық үндіс тайпасы – чиппева тілінде 6 000 етістік түрі бар екен. Кез келген тілдегі етістік санынан көп.
7. Қарашай-Шеркеш елінде таралған абазин тілін бала күніңізден білмесеңіз, оны ересек жаста меңгеру мүмкін емес десе де болады. Бар мәселе – оның аса күрделі фонетикасында.
8. Қытай тілінің толыққанды әліппесінде әрқайсысы өз буынының мағынасына ие 87 мыңнан астам иероглиф таңбаланған. Олардың ішіндегі ең күрделісі «мылжың» деген мағына беретін 64 сызықтан тұратын архаикалық «се» иероглифі екен. Ал, бүгінде қолданылып жүрген иероглифтер ішіндегі ең күрделісі – «бітелген мұрын» деген мәнге ие – «нан» иероглифі. Ол 36 сызбадан тұрады.