Ең қиын тілдер

0 180

1. Үйренуге ең қиын тіл – баск тілі екен. Оның қиын­ды­ғы соншалық, Екін­ші дү­­ние­жүзілік соғыс ке­зін­де оны шифр ретінде де қол­дан­­ған көрінеді.

2. Нивх тілінде (Сахалин­ ара­­­лының солтүстігінде та­рал­­­ған) үшке дейін са­нау­ – оңай шаруа емес. Нивх сан есім­­­дері не са­най­ты­ны­ңыз­ға бай­ланыс­ты құбылып отыра­ды.­ Мә­­се­­лен, шаңғы санау бө­­­­лек, қайық санау басқа, ал,­­ ба­лықты есептеу тіптен өз­­ге болады. Бұл тілде, барлығы 26 санау тәсілі бар.­­

3. Табасаран тілінде (Да­ғыс­танның ресми тілде­рі­нің бірі) зат есімнің 48 сеп­­тігі бар.­

4. Эскимос тілінде осы шақ­­­­­­тың 63 формасы болса, зат­­­­ есімнің 252 жалғау түрі қолданылады.

5. Санскрит мәтіндерін сауатты аудару және жазу үшін орташа есеппен кемінде 12 жылдай уақыт кетеді.

6. Солтүстік америкалық үндіс тайпасы – чиппева тілінде 6 000 етістік түрі бар екен. Кез келген тілдегі етістік санынан көп.

7. Қарашай-Шеркеш елін­де таралған абазин тілін ба­ла күніңізден білмесеңіз, оны ересек жаста меңгеру мүм­кін­ емес десе де болады. Бар мәселе – оның аса күрделі фонетикасында.

8. Қытай тілінің толық­қан­ды­ әліппесінде әрқай­сы­сы өз буынының мағы­на­сына ие 87 мыңнан ас­­там­ иероглиф таңбаланған. Олар­дың­ ішіндегі ең­ күрделісі «мылжың» де­­­ген мағына беретін 64­ сы­зық­­тан тұратын архаи­ка­лық­ «се» иероглифі екен. Ал,­ бүгінде қол­да­ны­лып жүр­ген­ иероглифтер­ ішін­де­гі ең­ күрделісі – «бі­телген мұ­рын» де­ген­ мәнге ие – «нан»­­ иеро­гли­фі.­ Ол 36 сызбадан тұрады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − 10 =