Ең әуелi – ел әлеуетi

0 124

Биылғы Жолдаудың басым бағыттарын түсiндiру бойынша республикалық ақпараттық насихат тобының Алматы ауданы бойынша кезектi отырысы «Астана Теплотранзит» АҚ мен №51, 57 орта мектептерде жалғасын тапты.

Мұнда көш бастап келген Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi төрағасының орынбасары Қайрат Телебалдинов пен Ауылшаруашылық министрлiгiнiң Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлiк нарығы департаментiнiң директоры Айна Құсайынова Жолдаудың халықтың әл-ауқатын арттырудағы маңызына ерекше тоқталды. Мемлекет басшысының биылғы «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында көрсетiлгендей, 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердiң қатарына қосылуды құнттап отыр. Бұл туралы ақпараттық насихат тобының мүшелерi жиналған көпшiлiкке кеңiнен әңгiмелеп бердi. Сондай-ақ, елiмiздегi әрбiр азаматтың жұмысқа тартылуы, қолжетiмдi баспанаға ие болулары, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасының артуы сынды атқарылып жатқан шаруалар талқыланды.
Бұдан соң, студенттер «Қоғамдық көлiктерде жүруде жеңiлдiк бола ма?» деген сауал қойды. Бұған жауап берген топ мүшелерi, астанамыздағы азаматтардың бiрқатарына, оның iшiнде зейнеткерлер, көпбалалы аналар, оқушылар, құрметтi азаматтар, соғыс ардагерлерiне жолда жүру жеңiл-дiктерi қарастырылған. Егер студенттерге де жолақысына 50 пайыз жеңiлдiк жасасақ, онда бiр реттiк жолақының құнын 80 теңгеге дейiн жоғарылату қажет болатындығын айтты.
Сондай-ақ, аудан тұрғындары тарапынан Промышленный тұрғын алабындағы саяжайлар мен мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасы жөнiнде сауалдар қойылды. Кездесу соңында ақпараттық-насихаттық топ мүшелерi Жолдау жүктеген мiндеттердiң тек ел игiлiгiне арналғандығын, түйiнi шешiлмейтiн мәселенiң болмайтындығын баса айтты.

Гүлжан РАХМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 4 =