ЭНЕРГИЯЛЫҚ ШЫҒЫННЫҢ АЛДЫН АЛСАҚ ҚАЙТЕДІ?

0 204

deputat-0

Осы аптада Парламент Сенатының отырысында сөз алған сенатор Қожахмет Баймаханов­ уақыт өлшемін өзгерту туралы­ ұсыныс айтты.

«Жалпы, еліміздің энергия үнемдеуге қатысты қабылдап жатқан сан түрлі бағдарламалары мен жобалары құптарлық-ақ. Десек те, мені мынадай бір мәселе алаңдатады. Еліміздің геогра­фия­лық орналасуы тұр­ғы­сынан сағат­тық белдеулері біршама уақыт алшақтығын туындатады. Алайда, Алтай мен Атырау арасында байтақ даламызда бір ғана сағаттық өлшемнің енгізі­луі ел­ тұр­ғын­дары үшін біршама қолайсыздық туды­­ру­мен қатар, экономикалық тұрғыдан да тиімсіз деп ойлаймын. Мысалы, қыстың күні Алматы мен Қызылордада таңғы 9-дар шамасындағы мезгіл бірдей емес. Бұл мәселеде әлеуметтік сала мамандары мен оқушыларымызға қиын. Қараңғылықтан қызметіне кірісетін мекемелер үшін де қаншама энергиялық шығындарға әкеледі. Жалпы, біздің елде Қызылорда мен Қостанай облысындағы уақыт өлшемдерін қайта қарастырғанымыз жөн секілді» деген сенатор сауалына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы уақытта жауапты мамандармен кеңесіп, оң шешім қабылдауға дайын екендігін жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + 4 =