«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ЭНЕРГИЯ НЫСАНДАРЫ ҮНЕМІ БАҚЫЛАУДА

0 192

аким ТЭЦ

Кеше Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков және ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник қаладағы энергетикалық нысандардың жұмысымен, атап айтқанда, №2 ЖЭО-ны қалпына келтіру барысымен және №3 ЖЭО құрылысымен танысты.

Қазір №2 ЖЭО-да №7 қазандық пен №5 турбинаны монтаждау, бас корпустың төбесін және күл үйіндісі ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, №3 ЖЭО-да су жылыту қазандығы мен қазандықтардың өздерін, №1 ЖЭО мен №3 ЖЭО арасында технологиялық құбырлардың эстакадаларын және жылу желілерін монтаждау жұмыстары қолға алынды.

Нысанның екінші кезегін салу 2018 жылға жоспарланып отыр, 550 тонна бу/сағ бойынша екі қазандық агрегаттарымен және 120 МВт жылыту турбоагрегаттармен екі энергоблокты орната отырып, №3 ЖЭО бас корпусының құрылысы жүргізілмек.

Жобаға инвестициялар тарту үшін «Астана Innovations» акционерлік қоғамы халықаралық институттардың қатысуымен №3 ЖЭО екінші кезегін салу жөнінде үздік инвестициялық ұсыныстарды анықтауға ашық конкурс өткізу бойынша құжаттама әзірлеуде.

Бұған дейін, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков электр энергиясы мен су беруді жоспарлы түрде ажыратуды тоқтатып, елорданың жылу-энергетикалық дамуы мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырған болатын.

 

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды