ЭНЕРГЕТИКТЕР ТІЛІМІЗДЕН ҚУАТ АЛДЫ

0 123

SAM_5001

Астана-аймақтық электржелілік компаниясы «Тіл – татулық тірегі» атты шара өткізді.

Шара дәстүрімізге сай шашумен басталды. Мыңнан аса адам қызмет жасайтын ұйымда қазақ тілін білетін адамдар баршылық екен. Мәселен, Андрей Пышинский, Сергей Исраелян, Александр Белон сынды қызметкерлер қатыс­қан қойылым соған анық көз жет­кізді. Дина Қапиятова тарт­қан Құрманғазының күйлерін жи­налғандар сүйсіне тыңдады.

О.Орлова, С.Баймағанбетова, А.Жақыпова, О.Русак, Г.Мұ­хатова, Ғ.Бектасова, Р.Кө­шімбаева, М.Әлібекова, Ж.Баяхметбай билеген «Қара жорға» биі мерекеге қатысқандарды қыздыра түсті. Ұлт пен ұлтты жақын­дас­тыратын, тіліміз бен салт-дәстүрімізді құрметтеуге тәр­­биелейтін шара қазақ тілі – қазақстандықтарды ұйыс­ты­рушы фактор екенін дәлел­деді. Энергетиктер тілден де қуат алуға болатынына сенді.

 Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 2 =