Енді тегін жүрмейді

0 121

Жаңа оқу жылының алғашқы күнінен бастап Астанада 7-15 жас аралығындағы балалар қоғамдық көліктерде толық жол жүру құнының 50 пайызын төлей бастады. Жазда өткізілген арнайы акцияның арқасында балалар қоғамдық көлікте тегін жүрген еді. 

Сонымен, мектеп оқушыларына қалалық автобустарда – 40 теңге, экспресс автобустарда – 70 теңге, ал қала маңына қатынайтын автобустарда баға транспорттық аймақтарға байланысты (1 аймақ – 40 теңге, 2 аймақ – 100 теңге, 3 аймақ – 150 теңге, 4 аймақ – 200 теңге, аймақ арасы – 40 теңге).

Бұған қоса, балаларға арналған жолақы билеттері де сатылады: қалалық жол жүру билеті – 1 айға 1500 теңге, қала маңы және қалалық жол жүру билеті – 1 айға 2000 теңге.

Қалада жол жүру билетін сататын пункттерді де жұртшылықтың есіне сала кетейік: Абылайхан даңғылы, 29, «Жібек Жолы» сауда үйі («Встреча» дүкені аймағында). Жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Үзіліс: 14:00-ден 15:00-ге дейін; Абылайхан даңғылы, 57/1, Астана қаласы Қоғамдық көлігін диспетчерлендіру орталығы ғимараты (9-шы шағын ауданы). Жұмыс уақыты: 9:00-ден 19:00-ге дейін. Үзіліс: 14:00-ден 15:00-ге дейін; Гете көшесі, 5, «Сапаржай – Астана» ғимараты (автовокзал). Жұмыс уақыты: 08:00-ден 19:00-ге дейін. Үзіліс: 14:00-ден 15:00-ге дейін; Бөгенбай батыр даңғылы, 68, «Әлем» сауда үйі. Жұмыс уақыты: 10:00-ден 20:00-ге дейін. Үзіліс: 14:00-ден 15:00-ге дейін; Жеңіс даңғылы, 47, «Жеңіс» сауда үйі. Жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Үзіліс: 14:00-ден 15:00-ге дейін; Қабанбай батыр даңғылы, 5, «Астаналық цирк». Жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін; Петров көшесі, 24, Евразия СО. №051 жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін; Тілендиев көшесі, 15, «Рахмет» СО. №124 жұмыс уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін. Үзіліс: 13:00-ден 14:00-ге дейін.

«Астана LRT» ЖШС маманда­рының мәліметінше, бүгінгі таңда Астана қаласының 77960 оқушысы тегін транспорт карталарын алған, оны қоғамдық көліктерде ASTRA PLAT жүйесін іске асырудың екін­ші кезеңі басталғанда, экспресс бағыттарда пайдалануға болады.
Оқушылар транспорт карталарын балалар тарифымен толтырып, экспресс бағыттарда бонустарды пайдаланып, бір автобустан екіншісіне тегін ауысып отыра алады.

Қосымша ақпаратты алу үшін 574-777 телефонына хабарласуға болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 1 =