Еміле ережелері екшеленді

0 41

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейінгі кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» аясында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы онлайн жүйесінде өткізілді.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілінің емле ережелері жобасына орфографиялық топ мүшелері мен тәуелсіз сарапшылардың қорытынды сараптамасы бойынша баяндама жасады. Баяндамашы жұмыс тобы мүшелері мен тәуелсіз сарапшылар тарапынан айтылған сын-пікірлерге ғылыми дәйекті жауап беріп, олардың орынды ұсыныстарының ескерілген тұстары туралы баяндады. Емле ережелерінің мейлінше екшеліп, ғалымдар сүзгісінен сан мәрте өткізіліп отырғанының мәні оның халық тұтынуына ыңғайлы да жатық болуына ықпал ету екенін айтты.
Орфографиялық жұмыс тобы мүшелерінің және тәуелсіз сарапшылардың емле ережелері бойынша берген ұсыныстары, пікірлері кең түрде талқыланды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 2 =