Емханаға тіркеуді бастайды

0 35

15 қыркүйекте азаматтарды жыл сайынғы БМСК ұйымдарына тіркеу науқаны басталады. Науқан екі айға созылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

Ведомствоның ресми өкілі қазақстандықтарға емхананы өз үйіне жақын маңнан таңдауға кеңес берді. «Емханалар денсаулық сақтау жүйесіне кірудің «алтын қақпасы» екенін білесіздер. Сондықтан алдағы екі айда азаматтарымыз тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше үйіңізге жақын жерден таңдауға кеңес береміз. Өйткені медицина қызметкерлеріне емханаға тіркелген науқастарды үнемі қадағалап, тіпті үйіне барып қызмет көрсетуге ыңғайлы болады. Бұл тәжірибе, әсіресе, пандемия жағдайында аса маңызды» деді ол брифингте сөйлеген сөзінде. Айта кетсек, сол күні Қазақстанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны да басталады.
Тіркеу науқаны біткесін әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ұйымдардың келесі жылы 1 қаңтардан бастап көрсететін қызметтері үшін төлем төлей бастайды. Ал биыл азаматтар қор есебінен өзі бұрын тіркелген емханасы арқылы медициналық көмек ала береді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 12 =