Емхана үзіліссіз жұмыс істейді

0 22

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық саладағы күрделі кезеңінде алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне де жағдай жасалуда.Нұр-Сұлтан қаласының стацио­нарларында коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырған адамдармен тікелей байланыста болғандармен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жағдай жасау үшін қонақүйлер бөлінді. Қалалық штаб тамақ ұйымдастырса, City Transportation Systems (CTS) компаниясы көлік бөлді. Қаланың емханалары мен ауруханаларында жұмыс істейтін медициналық қызметкерлер үшін де көлік ұйым­дастырылды.
Елдегі қауіпті жағдайға қарамастан емханалар күнделікті жұмыстарында ешқандай өзгеріс жоқ. Қалада пневмония және ЖРВИ-мен ауырған науқастар үшін арнайы корпустар ашылды. №2 қалалық емхана тәулік бойы жұмыс жасайды. Емхана базасында (Желтоқсан көшесі, 36) жедел респираторлы вирустық инфекциясы белгілері бар пациенттерді қабылдау үшін обсервациялық емхана ұйымдастырылды. ЖРВИ белгілері бар науқастарды тек №2 қалалық емхана қабылдайды. Емханада емделушілерге коронавирустық инфекцияға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Бұдан бөлек, 65 жастан асқан созылмалы аурулары бар тұрғындарға дәрі-дәрмектер жеткізіліп, тегін бетперде беріледі. Яғни емханада денсаулығына байланыс­ты есепте тұрған онкологиялық аурумен ауыратын, жүкті әйелдерге және жасы 65-тен асқан зейнеткерлерге алдын ала үш айдың көлеміндегі бөлінетін тиісті дәрі-дәрмектер таратылды.
Аяғы ауыр әйелдердің ай сайынғы дәрігер кеңесінен өтуі қажет. Жүктіліктің дамуына қарай емдеуші дәрігерінің нұсқауларын орындауы тиіс. Сол себепті жүкті әйелдер дәрігерлер белгілеген уақытта өздері тіркелген емханалардан кезекті тексерілуден өт тәртібі сақталады. Тегін бетпердемен бұл санаттағы әйелдерге емханада қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, үш көпбейін­ді ауруханалардың акушерлік блоктарында барлық қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған, жүкті әйелдерді қабылдау үшін жеке кіретін есігі бар перзентханалар ұйымдастырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × three =