©2020 Астана Ақшамы
Емдеудің ерекше тәсілі
Елордада омыртқа ауруын жаңа нейромодуляция тәсілімен емдеу кеңінен талқыланды.
«Неврология және нейрохирургия. Қазіргі заманғы стратегия» тақырыбында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде медицинадағы жаңа бағыт туралы әңгіме өрбіді. Нейромодуляция әдісі – ауруы асқынған адамның терісінің астына құрылғы орнату арқылы дәрігерлер оның орталық жүйке жүйесі арқылы емдеу тиімділігіне қол жеткізу. 2012 жылы республикалық бюджет есебінен мұндай әдіспен 5 операция жасалса, биыл оның санын 15-ке жеткізу жоспарлануда. Жалпы, операцияны Қазақстанда 3 000 адамға жасау қажет.
Гүлмира АЙМАҒАМБЕТ