Ем қабылдаушылар жағдайы қалыпты

0 15

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирус инфекция бойынша ем қабылдап жатқан 25 азаматтың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы әкімдікте өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.– Дене температуралары қалыпты шамада, шағымдары жоқ. Осы науқастармен тығыз қарым-қатынаста, яғни ұшақта бірге болған азаматтар және отбасы мүшелері анықталды. Барлық науқастар дәрігерлердің қатаң қадағалауында. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жас мөлшеріне қарай: 1 адам – 18 жасқа дейін, 17 адам – 30 бен 49 жас аралығында, 4 адам – 50-59 жас шамасында, 3 науқас – 18-29 жас аралығында. 19 наурызда тіркелген 7 жағдайдың ішінде 1 адам 18 наурыздан бастап провизорлық стационарда, бұрын анықталған жағдаймен жақын байланыста болды (17.03.2020 ж.); 6 адам 19 наурызда №1 стационарға жатқызылды. КВИ анықталған 6 пациентті ауруханаға жатқызу барысында 3 пациентте құрғақ жөтел, 2 субфебрильді дене қызуы шағымдары болды, – деді С.Қисықова.
Оның айтуынша, барлық па­циенттердің жағдайы жақсы, дене температурасы тұрақтанды, емдеу диагностика мен емдеу хаттамасына сәйкес жүргізіледі.
Соңғы 7 науқасқа байланыс­ты мәлімет: жақын байланыста болған 30 адам (отбасы мүшелері) табылды және ауруханаға жатқызылды. 25 жағдай бойынша, олармен байланыста болған 244 адам ауруханаға жатқызылды, ал 327 адам – үй карантинінде. «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыз­дағы №285 Жарлығы, Нұр-Сұлтан қаласы аумағында шектеу іс-шараларын енгізу туралы қау­лы негізінде барлық денсаулық сақтау ұйымдарында карантин енгізілді. Атап айтқанда, стационарда бетперделік режимі енгізілді, келушілерге тыйым салынды. Шұғыл және жоспарлы емдеуге жатқызу жалғасуда. Алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарына келетін болсақ, барлық емханалар штаттық режимде таңғы 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. Дәрігердің қабылдауына жазылу жалғасуда, диагностика, зертханалық талдауларды тапсыру алдын ала жазбалар бойынша жүргізіледі (жоспар бойынша). Жоспарлы дәрігерлік консультациялар дистанциялық режимге ауыстырылады, мүгедектерге дәрі-дәрмек беру үйге жеткізу арқылы жүзеге асырылады, балаларды вакцинациялау егу күнтізбесінің жоспары бойынша жүргізіледі, жүкті әйелдер жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылады. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарда шұғыл медициналық көмек көрсету жұмысы күшейтілді. Тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның бар-жоғына экспресс-тестілеу жүргізу алдағы екі аптада жоспарланған. Қазір КВИ тарату осы мәселеде жауапты және жұмылдырылған органдар мен ведомстволардың бақылауында. Қазіргі уақытта КВИ болуын диагностикалау тек ПЦР және жоғары қауіпті тұлғалар тобы және бекітілген алгоритмдерге сәйкес жақын байланыс әдісімен жүргізіледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + thirteen =