Елу мың адам қосылған

0 67

Қазіргі карантин кезінде елімізге белгілі спортшылардың бірі, Street workout спортынан Қазақстан құрамасының бас бапкері Айтым Жақыпов үйде бұлшық етті шынықтыру туралы онлайн-нұсқау өткізуде. Карантин басталғаннан бері оның күнделікті жаттығуларына 50 мыңнан астам отандасымыз қосылған.– Маған еліміздің әр өңірінен адамдар: «Айтым, жаттығу үшін рақмет!» деп жазып жатады. Жаттығу аяқталғаннан кейін ертең қандайы болады деп сұрайды. Көпшілік қолдап отыр. Соған қарағанда, қолға алған ісімнің елге титтей де пайдасы бар деп ойлаймын. Бұл мен үшін де маңызды, – дейді ол.
Оның айтуынша, салауатты өмір салтын сақтап, үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ғана кәсіби спортшы бола алады. «Әсіресе, қазіргідей қысылтаяңда үйде отырғанда спортпен айналысып, өз денсаулығыңызды күту өте маңызды. Мен бұл жаттығуларды көп уақыт туыс­тарыммен өткізе бастадым. Бұл отбасын нығайтып, біріктіреді» дейді Street workout спортынан Қазақстан құрамасының бас бапкері. Оның жаттығулары жексенбіден басқа күндері кешкі 20:00-де Instagram парақшасында өтеді.
Реті келіп тұрғанда айтайық, қазір елорда тұрғындары үшін түрлі спорттық және танымдық онлайн сабақтар тиімді ұйымдастырылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 − 9 =