Елшілер Есіл жағасын тазартты

0 11

Қазақстандағы Еуропалық Одақ өкілдігі, Нидерланд Корольдігінің және Эстония елшілігінің ұйымдастыруымен Есіл өзенінің жағалауынан 620 килограмм қоқыс жиналды.

WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.09
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.06 (1)
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.06
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.07 (1)
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.07 (2)
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.07
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.08 (1)
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.08 (2)
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.08
WhatsApp Image 2021-09-19 at 21.56.09 (1)
previous arrow
next arrow

Экологиялық бастамаға 70-ке жуық белсенді қатысты. Олардың қатарында Нұр-Cұлтан қаласы әкімдігі, ЕО елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, эко-еріктілер, журналистер мен елорданың жанашыр тұрғындары бар. Жиналған шыны және плас­тик қалдықтар «Clean City NC» компаниясының көмегімен қайта өңделеді. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас: «EUBeachCleanup» науқаны аясында Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенін тазалауға аз да болса үлес қостық. Акцияның мақсаты – қоғамның назарын аударып, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға шақыру. ЕО көптеген өңірлік жобалар мен бағдарламалар шеңберінде өз көмегі мен тәжірибесін ұсына отырып, Қазақстанның «жасыл экономика» моделіне көшуін қолдайды» деп мәлімдеді. Жыл сайын қыркүйек айында Еуропалық Одақ бүкіл әлемде су айдыны жағалауларын тазартуға бағытталған «EUBeachCleanup» науқанын ұйымдастырады. Айта кету керек, су айдындарының тазалығы әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Нұр-Сұлтандағы Нидерланд Корольдігінің уақытша сенімді өкілі Наут ван Вауденберг 2050 жылы қалаларда әлем халқының 68%-ы шоғырланып, таза су көзіне қажеттілік артатынын айтады. Эстония елшісі Тоомас Тирс бұл шараның Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында ұйымдастырылғанын атап өтті. Оған әлемнің 180 елі атсалысады. «Әлемді ізгілікке бастайтын бұл идея Эстонияда 2008 жылы пайда болды, бес сағат ішінде бүкіл елді тазарту үшін 50 000 адам жиналды. 2019 жылы бүкіл әлем бойынша 21,2 миллион эко-белсенді 36 сағаттық «жасыл тазарту толқынын» ұйымдастырды» деді Эстонияның Қазақстандағы елшісі. Шара ұйымдастырушылары шаһар тұрғындарын табиғатты аялауға үндеп отыр.

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three − 3 =