Елорданың жай-күйін баяндады

Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

0 9

Elbasy.kz сайты хабарлағандай, кездесуде Елбасы пандемия жағдайында халықтың әлеу­меттік әлсіз топтары мен шағын және орта бизнес өкілдерін қорғаудың маңыздылығына назар аударды.Өз кезегінде А.Көлгінов білім беру, денсаулық сақтау, полиция, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға арналған қолжетімді баспана құрылысының барысы туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ елорда әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың жол және инженерлік инфрақұрылымы, әлеуметтік жобалар, тұрғын үй алаптарын абаттандыру бағытында қабылданған шаралар туралы айтып берді.

***
Сондай-ақ Елбасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде Елбасына пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берілді. А.Мырзахметов халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтары үшін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын отандық өндірушілермен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

***
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев күрделі эпидемиологиялық ахуал, әлемдік экономикалық дағдарыс пен аймақтық сын-қатерлер жағдайында ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қызметін үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті. Ә.Исекешев Елбасыға Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының ұлттық қауіпсіздіктің, оның ішінде экономикалық, ақпараттық және әскери қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту және елдегі қылмыс деңгейін төмендету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + 6 =