ЕЛОРДАНЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН

0 159

panorama

Астана күні мерекесіне арналған «Елорданың игілігі үшін» жобасы басталды.

Айтулы жобаның алғашқы шарасына Қазақстан халқының Ассамблеясы, қалалық Ардагерлер кеңесі және жастардың қоғамдық ұйымдары қатысты. Аталған ұйымдардың белсенділері «Астана-Көгалдандыру» кәсіпорнының қолдауымен Есіл өзені жағалауындағы Ш.Қалдаяқов көшесінде «Достық саяжолына» 150 жас көшет отырғызды.

– Астана қаласының әкімдігі ізгілік пен қайырым­дылыққа бағытталған қандай да болсын қоғамдық бастамаларды қолдауға дайын. Осы орайда «Достық саяжолы» акциясы Астана күні мерекесіне арналған шаралардың жақсы бастамасы болып отыр.

Осы орайда, Астанамыздың игілігі үшін өткізілетін барлық ізгілікті істерге қала тұрғындарының белсенді қатысуға шақырамыз, – деп атап өтті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілепов.

Астана күні мерекесіне арналған «Елорданың игілігі үшін» жобасы аясында әлі де көптеген қоғамдық шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × one =