Елорданы газдандыру – мемлекеттік жоба

0 26

Елорданы газдандыру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің басымды бағыттағы жұмысына айналды. Бұл жұмыс үш бағытта жүргізілуде. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­масымен қолға алынған бұл жобаның жүзеге асырылуын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше бақы­лауда ұстап отыр.

Жақында елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы газдандыру жұмысының барысын өзінің инстаграм парақшасы арқылы көрсетті. «Қаланы газдандыру 3 кезеңнен тұрады. Қазір Көктал-2 елді мекені тұрғындарының үйлерін көгілдір отынға қосу және жұмыстарды қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін осы елді мекенде ішкі желілерге газ берілді. Сонымен бірге, газ Железнодорожный тұрғын алабына да беріліп, қараша айында орталықтандырылған газбен жабдықталды. Жалпы, қалаға 300 шақырымнан астам газ құбыры тартылды. Бұл жобаның жүзеге асырылуы елордамызда зиянды қалдықтарды төмендетуге мүмкіндік береді. Қаланың экологиясы жақсарады, ал бұл тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етеді» деп жазды өзінің жазбасында қала басшысы.
Бүгінгі таңда қала бойынша 5 мыңнан астам адам газдандыру жобасының фронт-офистерінен кеңес алды. 800 үй техникалық шарттарға сәйкестік құжатына қол жеткізді. Тұрғындарға тегін берілетін есептегіштер қарастырылып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + seventeen =