Елордамыз – мен үшін құтты қала

0 119

Елбасы алғысын ұмытқан емеспін

– Елордамыз – мен үшін құтты қала. Оның бүгінгі 23 жылдығы – ертең мұрағат шертер шежіре-сыры көп мыңжылдыққа ұласады. Нұр-Сұлтан – қазақ даласының Византиясы мен Мысыры, Вавилоны мен Македониясы. Мен оны болашақта дәл осылай тарихы тереңнен тамыр тартқан әлемдік қала ретінде көремін.
Менің түсінігімде Елбасы мен елорда егіз ұғым емес. Екеуі біртұтас. Себебі екі ұғым бір жүрекке сыймайды. Елордада дүниеге келмесем де, балалық шағымның жартысы осында өтті. Мен Қарағандыдан астанаға арман қуып емес, білім қуып келген едім. Қазір, артқа шегініп, «елорда маған не берді?» деп өзіме сауал қойсам, ойланбастан «толассыз білім берді» деп жауап берер едім. Білмегенімді үйретті, өсірді, еркелетті және есейтті. Алғыстан басқа айтарым жоқ.
2010 жылы елордалық үздік оқушылардың бірі ретінде Президентпен кездесу құрметіне ие болдым. Мемлекет басшысы білім озаттарымен сұхбат құрып, жас ұрпаққа зор сенім артатынын айтты. Сол шырайлы жүздесуде Нұрсұлтан Әбішұлына толғаныстан һәм терең тебіреністен шыққан өлеңімді оқып бердім. Ол кісі маған тура қарап, күлімсіреп тұрды. Сол сәтте ішімнен «Парасатты жүзінен нұр тамған қандай жақсы адам!» деп аса қуанғаным рас.
Нұрсұлтан Әбішұлы маған отты көздерімен қарап «Бәрекелді!» деді риза болып, сәл күлімсіреп. Мен болсам, қатты қобалжып тұрдым. Алайда арада 10 жыл өтсе де, соңында маған не дегенін ұмытпадым. Елбасы маған: «Қолыңа қандай істі алсаң да, қай саланы таңдасаң да, сол істің биігіне, шыңына жет!» деп ақ жол тіледі. Мен үшін бұдан асқан үлкен бата жоқ. Бұл екі ауыз сөз ғұмырлық бағдаршамыма айналды. Айтарым, біздер Елбасы салған елорданың мәртебесіне сай болуға тиіспіз.

Роза ЫСҚАҚ,  «Жастар пульсі» жобасының жетекшісі:

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one + ten =