ЕЛОРДАМЕН БІРГЕ ЕСЕЙГЕН

0 119

Бұл – осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға. Жедел жәрдем қызметкерлері ҚР Президенті Іс басқармасының ауруханасына бір офицерді жеткізеді. Дәрігерлердің тексеруі нәтижесінде офицердің тамағына бөгде дененің қадалып қалғаны белгілі болады. Сұрастыра келсе, оқиға былай екен. Жоғары шен иеленген полиция қызметкері қуанышын әріптестерімен қосылып тойлатады. Әскерилердің жазылмаған заңы бойынша, шенге ие болған адам иығындағы жұлдызшаларын стакандағы ішімдікке салып, басына бір-ақ көтеруі керек. «Бәле қайда, бассаң, аяқ астында» деген осы. Офицер байқаусызда ішімдікпен бірге ішіндегі жұлдызшаны да қоса жұтып жіберіпті. Ауруханадағы Талапбек Әженов бастаған кезекші дәрігерлер дереу іске кірісіп, науқастың көмейіне қадалған жұлдызшаны әп-сәтте суырып алады. Абырой болғанда, бәрі сәтті аяқталып, әлгі офицер амбулаториялық ем алып, үйіне жіберіледі.

Медицина саласында атауы тіл күр­­мей­тін «оториноларинголог» деп­ аталатын маман бар. Айтылуы қан­ша­лық­ты қиын болса, олардың ат­қа­рар­ қызметі де соншалықты ауыр.

Грек тілінен аударғанда ото – құ­лақ, ринос – мұрын, ларингс – тамақ деген мағынаны білдіреді екен. Яғ­ни,­­ біз айтып отырған ма­ма­н­ның не­гіз­гі қызметі ағзадағы осы­ үш мү­ше­мен тікелей байланыс­ты.­

Біздің кейіпкеріміз – осы салада он бес жылдай тәжірибесі бар Та­лап­бек Әженов есімді аза­мат.­­ Қа­зақ­с­тан Республикасы Пре­зи­ден­­ті Іс басқармасының ауруха­на­­сын­да қыз­мет етеді. Астана Ме­ди­­ци­на­ уни­вер­ситетінің білікті ұс­та­зы,­ ка­фед­­ра профессоры. Қазақ ото­ри­но­ла­рин­г­о­ло­гиясының атасы­ атан­ған Райыс Төлебаевтың шә­кір­ті.

Осыдан бір-екі жыл бұрын елі­міз­­­де­ тұңғыш рет отандық дә­рі­гер­­лер­­дің қолымен жасалған кох­ле­­ар­­лық имплантацияны жүзеге асыр­­ған­­дардың бірі де осы азамат болатын. Құлағы естімейтін жан­дар­­дың­ есту қабілетін қалпына кел­­ті­ре­тін опе­рация бұған дейін тек­­­ шетелдік дә­рігерлердің кө­ме­гі­­мен­ ғана жасалып келген бо­­ла­­тын.­ «Шетелде төрт сағатқа дей­ін созылатын опе­­р­а­­цияны ас­та­на­лық мамандар­ не­бә­рі екі са­ғат­та аяқтады. Олар өзім­нің шә­­­кірт­те­рім екенін мақ­танышпен ай­­та­­ аламын» деген болатын сол кез­­де­ Райыс Қажыкенұлы.

Соңғы он жылда Астана ме­ди­ци­наның ахуалы айтарлықтай жақ­сар­ды. Мәселен, бұрындары мұрын қу­ы­сы­на операция жасау үшін дә­рі­герлер сыртқы те­рі­ні­ кесуге мәж­бүр болатын. Нә­ти­же­сінде нау­қас­тан көп қан­ кетіп, терінің тұ­тас­тығы да бұ­зы­ла­тын.

Талапбек Мұратұлының ай­ту­­ын­ша, қазір барлық операция­ эн­до­видео­лық хирургия бой­ын­­ша жасала­ды. Бұл кезде эн­дос­ко­пия­лық ка­­ме­­ра­­ құлаққа немесе мұрынға енгізіледі де, олардың ішкі құ­ры­лы­сын­ дә­рі­гер­лер арнайы монитордан бақылап отырып, операцияны жүргізе бе­реді.

Оториноларинголог-дә­рі­гер­лер­дің қызметінің күр­де­лі­лі­гі сол, үш бірдей мүшенің саулығына жа­у­ап­ береді. Үшеуі бір-бірімен ты­­­ғыз­­­ бай­ла­ны­сып­ жатыр әрі адам­ның­­ бас мүшесінде орналасқан» дей­ді­ дә­рі­гер. Сондай-ақ, құлақ, мұ­рын, та­мақ­ ауруларының жас тал­ға­май­ты­­ны­­ тағы бар. Кез келген адамда кез­десуі мүмкін. Қарапайым ға­на­­ мысал, ауа райының қо­лай­сыз­ды­­ғы, маусымдық аллергиялар­ осы­­ аурулардың асқынуына әке­ліп­­ соғуы мүмкін. Ал, мұндай ас­­­қы­­ну­лар­ өмірге өте қауіпті. Құ­лаққа, мұ­рын­ға суық тиюдің соңы менингитке ұласуы мүмкін не­месе мұрын қуысындағы іріңді процесс көздің жұмысына әсер етуі ықтимал. Ал, тамақтың бас­па­ ауруы асқынса, залалы кеуде қу­ы­сы­на өтіп кетуі мүмкін.

Алғашқы еңбек жолын ел­ор­­да­дан бастаған Талапбек Әженов бүгінде оториноларин­го­логия са­ла­сы бойынша кан­ди­даттық, док­­тор­лық­ диссерта­ция­сын қор­ғап­ үлгерді. 1998 жы­лы­ арнайы ша­қыр­тумен келіп, сол­ кездегі Ақ­мо­ла Медицина уни­вер­си­те­ті­нің ас­пи­ран­ту­ра­сы­на­ түскен бо­ла­тын. Ауа райы қолайсыз, же­рі­ батпақ, көшелері тар шағын қа­ла­ны­ көр­ген­де «Оқуымды тәмамдап, ел­ге қай­та ораламын ғой» деп жұ­бат­қан­ болатын өзін. Бірақ, ұшақ­тан түс­кенде ұсқынсыздау кө­рін­ген қа­ла кейпі күн өткен сайын көз­ ал­дында көркейе берді. Сәулеті ар­­тып, сәні келісті. Қаламен бір­ге­ мұ­ның да дәреже, деңгейі, тә­жі­ри­бе­­сі өсіп келеді.

Шынар ДОСАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + seventeen =