Елордалықтар үздік шықты

0 10

Шымкент қаласында панкратионнан ересектер мен жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласының командасы үздік атанды.Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша командалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары 12 алтын, 4 күміс, 9 қола жүлдемен бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Шығыс Қазақстан облысының спортшылары көтерілсе, үздік үштікті Шымкент қаласының спортшылары түйіндеді.
Ересектер арасындағы «традишн» бөлімінде Көшен Ақанов (66 кг), Әли Қабдулла (74 кг), Дияр Нұрғожай (100 кг) қарсылас шақ келтірмесе, «элит» бөлімінде Алмаз Сәрсембеков (60 кг), Сәбит Жүсіпов (66 кг), Аслан Ораз, Мұратбек Қасымбай, Имран Тайсұлтанов (84 кг) сынды спортшылар чемпион атанды.
Ал жастар арасындағы бәсекеде елордалық спортшылар 4 алтын, 1 күміс, 7 қоламен қорытындылады. Бұл сында Әділ Шакир (60 кг), Бекжан Әбілқасым (60 кг), Жасұлан Қонқабаев (65 кг), Мадина Қанатқали (50 кг) үздік болып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − four =