Елордалықтар топ жарды

0 28

Елордада грэпплингтен Қазақстан кубогы өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ден аса спортшы қатысты.

2006-2007 жылғы және 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында өткен жарыста жалпыкомандалық есепте Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы 15 алтын, 11 күміс және 16 қола жүлдемен бірінші орыннан көрініп, кубок жеңімпазы атанды. 10 алтын, 6 күміс, 14 қола медальмен Алматы облысының спортшылары екінші орынды алса, 7 алтын, 7 күміс, 9 қола жүлдегері бар Маңғыстау облысының спортшылары үздік үштікті түйіндеді.
Бұл жарыс грепплинг күресінен биылғы алғашқы жарыс болды. «Елордада өткен жарыс маңызды турнирлердің қарсаңындағы алдын ала іріктеу турнирі болып есептеледі. Осы жылдың сәуір айының соңында Қарағанды қаласында Қазақстан чемпионаты өтеді, ол да әлем чемпионатына іріктеу жарыстарының аясында ұйымдастырылады. Жалпы бұл жарыста спортшылардың дайындық деңгейінің өте жақсы екені көрінді» дейді Қазақстан грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − 10 =