Елордалықтар саулығы – ерекше бақылауда

0 81

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ағымдағы кезеңге байланысты жаңа қаулысын жария етті. Бұл талаптар пандемия қаупі әлі сейілмегенін, саулықтың сақтықта екенін ескертеді.

Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлеріне астаналықтардың денсаулығын жақсарту міндеті қойылды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен өткен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының отырысында айтылды.

Ерлан ҚИЯСОВ,
ҚР бас санитар дәрігері:

Вакцинация кезінде журналистер КВИ бойынша тәуекел тобына жатқызылады. Оларды вакцинация­лау иммундау жүргізудің тиісті кезеңінде қарастырылған.

Жиында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қорытындылары жарияланды. Сонда мәлім болғаны – елорда мемлекеттік бағдарламаның 19 маңызды индикаторына қол жеткізді. Бас қалада медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарып, тіркелген азаматтардың электрондық денсаулық паспорттары жасалды, 2100 адамнан тұратын кадрлық резерв құрылды, олар КВИ бар пациенттерді диагностикалау және емдеу бойынша оқытылды.
Пандемия басталғалы бері шамамен 24 мың пациентке қызмет көрсеткен мобильді бригадалар қашықтық форматта 53 мың адамға көмек көрсетті. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, инсульт кезіндегі 320 нейрохирургиялық операцияның 102-сі жоғары технологияларды қолдана отырып жасалған. Көпбейінді ауруханалар салу, жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдардың корпустарын реконструкциялау және қалалық емханалар салу арқылы елордалық денсаулық сақтау желісін дамытуға мүдделі шетелдік инвесторлармен бірқатар кездесулер өткізілген.
– Қаланың тұрғын үй алаптарында медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету орталықтарын салу жоспарда бар, бұл елорданың шалғай аудандарында тұратын халыққа медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді, – деді Б.Мәкен. Ол елорданың медициналық ұйымдарына қызметкердің біліктілігін және МСАК ұйым­дарының репродуктивті денсаулықты қорғау жөніндегі жұмысының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Екпеге дайындық жасалды

Коронавирусқа қарсы вакцина салдыру үшін елордада 36 егу пункті дайындалды. 700 мыңнан астам астаналық тұрғынға вакцина салуға 3 млрд теңге жұмсалмақ. Бастапқы кезеңде екпе бес қалалық емханада, атап айтқанда, №2, 4, 6, 7, 9 емханаларда салынады. Иммундау және екпе салу бо­йынша азаматтар сұрағына жауап беруге қызу желі үшін нөмірлер бөлінді. Ол телефондар әр емханада бөлек жазылады. Жаппай вакцинация­лауға дайындық барысында температуралық режимі 18 градустан төмен емес 22 тоңазытқыш қондырғылары сатып алынды. Соған қоса қалалық емханаларда сондай 20 тоңазытқыш қондырғы мен екпені тасымалдауға арналған 82 термоконтейнер бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − two =